12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбе облысында Пробация қызметінің инспекторлары зейнеткер сотталғанның қоғамға бейімделуі үшін жан- жақты көмек беруде

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Хромтау аудандық Пробация қызметінің инспекторлары «kb.kaharman» еріктілерімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған зейнеткер азаматшаға азық-түлікпен көмек берді.

«Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабымен Хромтау аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған 64 жастағы зейнеткер азаматшаны тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру кезінде азық-түлікке мұқтаждығын көрген Хромтау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Алтын Акказиева, Хромтау қаласындағы «kb.kaharman» волонтёрларына хабарласып, нәтижесінде еріктілермен бірге көмекке мұқтаж зейнеткер сотталғанға бірінші кезекте тұтынатын азық- түліктермен көмек берді.

2021 жылдың қазан айында Ақтөбе облысының Хромтау аудандық сотының үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған Антонина, 2022 жылдың қаңтар айында аудандық соттың қаулысымен » ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы негізінде рақымшылыққа ілігіп, жаза өтеу мерзімі 1 жыл 5 ай 10 күнге қысқартылады. Алайда соған қарамастан жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін 2022 жылдың сәуір айында бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған сотталған азаматшаға Сот денсаулығына байланысты тағы да кешіріммен қарап, 2022 жылдың қазан айында Атырау қалалық №2 сотының қаулысымен бас бостандығынан айыру жазасы 6 ай 19 күнге бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылады.

Қазіргі таңда пробация қызметкерлері есепте тұрған Антонинаның денсаулығындағы кәнаратына байланысты кіндік грыжасы отасын жасатуы үшін жергілікті емханалардан тегін тексерістен өткізіп, дайындық жұмыстарын бастап кетті.

«Есепте тұрған зейнеткер Антонинаға қолдау көрсету мақсатында жұмыспен қамту орталығына біржолғы ақшалай жәрдемақы сұрап, хат жолдадық. Қазіргі таңда базаға тіркеу үшін сотталған азаматшаның жеке куәлігін алып беру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Жеке куәлігіне қолымыз жеткен кезде зейнеткерге біржолғы әлеуметтік жәрдемақысын алып беру және әлеуметтік жұмысшылармен үйін тазалап беру жұмыстарын атқара алатын боламыз. Жалпы, бүгінге дейін зейнеткер сотталғанға Пробация тарапынан психологиялық көмек көрсетіліп, медициналық тегін тексерістен өткізілуде. Сонымен қатар, жеке куәлігін алып бергеннен кейін аяғын толық емдетіп, кіндік грыжасына ота жасатуға көмектесетін боламыз»,- дейді Хромтау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Алтын Акказиева.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Абай облысында жаңадан келген сотталғандардың психологиялық бейімделу деңгейін зерттеу жүргізілуде

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің психологтары, жаңадан келген...

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...