Ақтөбе халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова есімі берілді

«Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционер қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі берілді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды.

“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: “Ақтөбе халықаралық әуежайы” акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі берілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген қаулыда.

Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған.

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

В фокусе безопасности

На территории ВосточноКазахстанской области прошло республиканское оперативнопрофилактическое мероприятие «Правопорядок»,...