12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақшалай өндіріп алу шарасы

Қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің (әрі қарай – ӘРПК) мақсаты – азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын бекітіп, сотта дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілейді. ӘРПК-нің енгізілуімен жария-құқықтық даулар басқа көзқараспен қаралып, азаматтар үшін олардың бұзылған құқықтарын қорғауды жүзеге асыруда көптеген артықшылықтар пайда болды.

Мәселен ӘРПК-гі соттың белсенді рөлі қағидаты. Онда соттың әкімшілік істің ұсынылған дәлелдемелерімен және басқа материалдарымен шектелмей, өз бастамасы бойынша немесе әкімшілік процеске қатысушылардың дәлелді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинауы көзделген. Әкімшілік процеске қатысушылар сот талап еткен дәлелдемелерді ұсынуға міндетті. Көрсетілген мерзімде дәлелдемелерді ұсынудың мүмкін еместігі туралы сотқа хабарланбаған немесе дәлелді себептерсіз белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайларда сот мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

Процеске қатысушының процессуалдық міндеттемелерді орындамау себептерінің негізділігін анықтау соттың құзыретіне жатады және нақты фактілік мән-жайларды талдау негізінде белгіленеді.

ӘРПК-нің 5 — бабының 2 — бөлігіне сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.

Енді осы мәжбүрлеу шаралары туралы толығырақ…
ӘРПК-нің мәжбүрлеу шараларының үш түрін қарастырады: ескерту, сот отырысы залынан шығару және ақшалай өндіріп алу. Ескерту және сот отырысы залынан шығару мәжбүрлеу шаралары тараптарға қатысты сот процесінде болу ережелерін бұзған жағдайда қолданылады. Жеке, лауазымды және заңды тұлғаға (немесе оның өкіліне) 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылуы мүмкін.

ӘРПК қандай жағдайларда ақшалай өндіріп алу шарасын қолдануды көздейді?
Бірінші: іс жүргізу құқығын асыра пайдаланған немесе іс жүргізу міндеттерін орындамаған тұлғаға 10 АЕК көлемінде ақшалай айыппұл салынады. Оның ішінде, егер адам іс жүргізу міндеттерін орындаса, атап айтқанда дәлелдемелерді ұсынған, сот тапсырмаларын орындаса, бірақ дәлелді себептерсіз сот белгілеген мерзімдерді бұза отырып, егер бұл істі қарауды кешіктіруге әкеп соқтырса, әрбір мұндай әрекет (әрекетсіздік) – 10 АЕК көлемінде ақшалай өндіріп алу.

Екіншіден: сот талабын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы тұлғаның сотқа келмегені, сотқа уақтылы хабарламағаны, уақтылы жауап бермегені, төрағалық етушінің өкіміне бағынбағаны үшін, сотта белгiленген ережелердiң, сондай-ақ сотқа (судьяға) құрметтемеушiлiктi айқын көрсететiн өзге де әрекеттердi (әрекетсiздiгiн) сот 20 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде ақшалай өндіріп алу шарасын қолдануға құқылы.
Үшіншіден: бітімгершілік, медиативті, партисипативтік келісімдерді бекіту туралы шешім немесе сот ұйғарымы болсын, қандай да бір сот актісін орындамау, сот жауапкерге 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алу шарасын қолданады. Айта кететін жайт, ӘРПК-нің 28 тарауында сот шығарған сот актілеріне бақылау жүргізу көзделген.
Статистикаға жүгінсек, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен ағымдағы жылдың тоғыз ай қорытындысы бойынша 14 мәрте ақшалай өндіріп алу шаралары қолданылған. Нәтижесінде мемлекет бюджетіне 1 286 460 теңге қаражат түскен.

Мәжбүрлеу шараларының негізгі мақсаты – әкімшілік іске қатысушылардың өздерінің процестік міндеттерін мүлтіксіз орындауын және олардың құқықтарын адал пайдалануын қамтамасыз ету, жариялы-құқықтық дауларды шешудің нақты тәртібін белгілеу және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын одан әрі нығайту. Осылайша, сот орындаушылар институты ғана емес, соттың өзі өз шешімін орындауды реттеушіге айналады.


Ақтөбе облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы
А.Ш. Жамиев

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...