Ақша үшін казино, букмекерлерді жарнамалаған блогерлер — арын атқан адамдар — Қайрат Құдайбергенов

Алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген блогерлердің кей жағымсыз әрекетін сынға алды. Айтуынша, харам нәрсені жарнамалағандар нағыз өз арын сатқан адамдар. Олар өз құлқынын ғана ойлайды.

Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Қайрат Құдайберген карантин кезінде қайырымдылық жасап, көпке қол ұшын созды. Одан бөлек те қайырымдылық жасап көпті таңғалдырып келеді. Кәсіпкер осы ретте өз қалтасына ойлайтын блогерлердің кей әрекетін наразы.

«Бір блогерлер бар.Тек өз қалтасын ойлайды. Ойындарға, казиноларға, букмекерлік компанияларға жарнама жасайды. Бұл нағыз оңбағандық. Өз арын сатқан  адамдар. Оның ішінде әншілер де, жұлдыздар да бар. Менің туған ауылымда 28 жастағы бала осындай құмар ойындарға салынып, үйіндегі дүниесін сатып, кейіннен асылып өлді. Мұның салдары жаман. Сондықтан одан аулақ болу керек», — деді Қайрат мырза.

Кәсіпкер бұл мәселені жиі көтереді. Бұл туралы желіде жазды. Президентке петиция жолдады. Мемлекет басшысының өзі кәсіпкердің сөзіне қолдау көрсеткен.

«Халық та арзанға жүгінеді. Жеңіл ақшаға үйренген. Жатып алып, жұлдыздардың конкурстарына қатысып, ақша ұтқысы келеді. Ондайға үйренбесе екен деймін. Жеңіл ақша болмайды», — деді Құдайберген.

Кәсіпкердің тұңғышы 15  жаста. Әкесінің айтуынша, ол өнерге келуге асық.

«Үлкенім 15 жаста. Өнерге келгісі келеді. Мен оған ешқандай тосқауыл болмаймын.Музыкаға жақын. Домбырада ойнайды. Қызымнан мен домбыра тартып үйреніп жүрмін. Бұл бала күнгі арманым еді. 37 жасымда сол арманым орындаып жатыр. Қызым сабақты да жақсы оқиды. Небір олимпиадаларда орын алды. Мен балаларымды мына салаға бар деп қинамаймын. Таңдау беремін. Бастысы дұрыс тәрбие алса деймін. Балалармен үнемі сөйлеу керек. Сұрақ қойса, жауап беру керек. Бала әкеге, анаға қарап өседі. Сондықтан әр ата-ана өз әрекетіне жауап берсе, бала да соларға ұқсап өседі. Әкесімен сөйлесеспеген бала  — жартылай жетім», — деді ол.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...