АҚШ-та коронавирустың гибрид штамы анықталды

АҚШ-тың Калифорния штатында адам ағзасынан екі штамм бірігуінен пайда болған гибрид коронавирус штамы табылды, — деп хабарлайды Daily Mail.

Ғалымдар гибрид екі штамның бірігуі нәтижесінде пайда болды деп болжап отыр. Олар ұлыбританиялық B. 1.1.7 және АҚШ-та пайда болған B.1.429. Әзірге гибрид штамды жұқтырудың бір ғана жағдайы белгілі. Бірақ сарапшылар тексерілмеген науқастарда жұқтыру дерегі болуы мүмкін деп қорқады.

Daily Mail

Олар гибрид штамм ұлыбританиялық штамға қарағанда тезірек таралуға мүмкіндік беретін мутацияны алып жүреді деп алаңдайды.

Коронавирус инфекциясының гибрид түрін АҚШ-тың Лос-Аламос ұлттық зертханасы қызметкері, дәрігер Бетт Корбер анықтады.

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар вирус будандарының пайда болуына қатысты алаңдаған еді. Бірақ сарапшылар гибрид штамның таралуына ерекше жағдайлар қажет екенін айтты.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...