АҚШ коронавирустан қайтыс болғандарды бес күн аза тұтады

АҚШ президенті Джо Байден коронавирустан қайтыс болған америкалықтарға бес күндік аза тұту жариялады. АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны жарты миллионнан асты, — деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұту кезінде бүкіл елдегі жалаулар бес күнге түсіріледі.

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметінше, АҚШ-та 500 071 науқас коронавирустан қайтыс болған. Бұл ретте ел көшбасшы. АҚШ-та жалпы 28 миллионнан аса коронавирус жағдайы тіркелген.

The New York Times газетінің мәліметінше, COVID-19-дан көз жұмған америкалықтар саны Вьетнам соғысында, сондай-ақ Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардағы елдің әскери шығынынан асып түсті. Ардагерлер істері министрлігінің мәліметінше, осы үш соғыстың салдарынан 392,3 мың америкалық қайтыс болған.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...