12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Республикалық «Заң газеті» және «Юридическая газета» басылымдарының (әрі қарай — газеттер) меншік иесі «ЗАҢ» Медиа-корпорация» ЖШС, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және 2020 жылдың 21 қазанындағы №29/334 «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына қатысу үшін партиялық тізім бойынша сайланатын кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін баспа алаңдарының берілу тәртібі, шарттары және төлем көлемі туралы хабарлайды.
Газеттердің газет алаңын беру тәртібі мен жалпы шарттары Газеттер үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру үшін баспа алаңдарын ұсынады. Газеттердің баспа алаңдарын ұсынуы газеттің меншік иесі мен партиялық тізім ұсынған саяси партияның сенімді өкілінің арасында жасалған үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру үшін баспа алаңдарын ұсынуға жасалған келісімшарттың негізінде жүзеге асырылады. Келісімшарттың нысаны мен оның ілеспе құжаттары жазбаша өтініш берген кезде ғана ұсынылады. Мұндай келісімшарт жасасу үшін партиялық тізім ұсынған саяси партияның сенімді өкілі газеттің меншік иесіне келесі ақпараттарды көрсете отырып төмендегідей жазбаша өтініш береді:
1) партиялық тізімнің ұсынылғанын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
2) саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілдігін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
3) жоспарланған үгіт-насихат материалдарының түрі, орын алатын алаңның көлемі көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны;
4) үгіт-насихат материалы мәтінінің қағаздағы (ұсынылған әрбір парақта уәкілетті өкілінің қолы қойылған) және электронды тасығыштағы толық жазылған нұсқасы;
5) өтініш беруші саяси партияның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі.
Газеттер жазбаша өтініштерді 2020 жылдың 11 желтоқсаны мен 2020 жылдың 9 қаңтарын қоса алғанда демалыс және мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін мына мекенжайда қабылдайды: Алматы қаласы, Х.Досмұхамедов көшесі, 68 Б үй, 2-ші қабат.
Жарияланымдарда олардың төленгені, қаржыландыру көзі, ақпарат ұсынған тұлғаның тегі туралы ақпарат болуы тиіс. Баспа материалдарын орналастыру кезегін Газеттер жазбаша өтініштердің түсу тәртібіне қарай бекітеді. Өтініштер бірнеше партиядан бір мезгілде түскен жағдайда, Газеттер сол күні жеребе арқылы анықтайды. Жеребеге баспа материалдарын орналастыру кезегіне таласушы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері мен тәуелсіз тарап ретінде БАҚ өкілдері қатысады. Саяси партияның уәкілетті өкілінің әрқайсысына ішінде баспа материалын орналастыру күні көрсетілген жазба салынған жабық конвертті бір-бірден таңдап алу ұсынылады. Конверттер саны таласқа түскен қатысушылар санымен тең болады. Жеребе аяқталған соң, таласқа қатысушылар мен БАҚ өкілдері жеребе хаттамасына қол қояды. Жеребе қорытындысы (хаттама көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына беріледі. Үгіт-насихат материалдары Газеттерге газет шығатын күнге дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын модуль немесе мақала түрінде ұсынылады. Газеттер үгіт-насихат материалдарында конституциялық құрылымды күшпен өзгерту, республиканың біртұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, қауымдық және рулық алауыздықты қоздыру, қатігездік пен зұлымдыққа табыну, сондай-ақ заңнамамен қарастырылмаған және заңнамамен қарастырылған басқа да негіздемелерде әскерилендірілген құрылымдарды құру идеяларын байқаса, оларды орналастырудан бас тартуға құқылы. Газеттер үгіт-насихат материалдарында кандидаттың және саяси партияның ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, оларды орналастырудан бас тартуға құқылы. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген баспа алаңдарын ұсыну тәртібі мен шарттарына құзырлы органдардың талаптарына сәйкес өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Баспа алаңдарын ұсынғаны үшін төлем көлемі мынадай: «Заң газеті» және «Юридическая газета» беттерінде 1 ш.см модульді орналастыру құны – 350 теңге, ҚҚС қоса есептегенде. «Заң газеті» және «Юридическая газета» беттерінде 1 ш.см дайын мақаланы орналастыру құны – 400 теңге, ҚҚС қоса есептегенде. «Заң газеті» және «Юридическая газета» беттерінде 1 ш.см редакцияның мақаласын орналастыру құны – 700 теңге, ҚҚС қоса есептегенде. Төлем Газеттер ұсынған есепшоттың негізінде мұндай есепшот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) банк күнінде жүргізіледі. Төлем Газеттердің газет алаңдарын ұсыну жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген банктік реквизиттерде жүргізіледі.
Ж.АҒЫБАЕВ,
«ЗАҢ» Медиа-корпорация» ЖШС директоры

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...

Бесплатный сыр бывает в мышеловке

Финансовые пирамиды остаются одной из наиболее распространенных форм мошенничества....

Международная интеграция юридического образования

Недавно в Шанхайском университете политики и права состоялся XI...

Под лежачий камень…

Многие наверняка помнят выступление Главы государства в феврале этого...