12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақпарат құралдары — сот пен халық арасындағы алтын көпір

Қазір ақпарат заманы. Ақпараттың көптігі сондай, оның ішінен керектісін, маңыздысын іріктеу оңай емес. Соның ішінде азаматтар құқықтық сауатты көтеретін, заңнамалардан толыққанды хабар беретін түсіндірмелерге көбірек ден қойғандары дұрыс. Бұл көпшілікті алаяқтардың арбауына түсуден, шалыс қадам жасаудан сақтандырады. Қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың заңдарға қатысты білімін арттырудан сот құрылымы да шет қалмаған.

Бүгінде республика соттарының барлығының арнайы сайттары бар. Әлеуметтік желілерде судьялар мен сот қызметкерлері де жеке парақшаларын жүргізіп, көпшілікті қызықтыратын, қоғамдағы ең өзекті құқықтық мәселелер бойынша ақпарат таратуға барынша атсалысып келеді. Сот қызметкерлерінің ақпараттық парақшалары жаңа қабылданған заңдар туралы, енді дайындалып жатқан заң жобалары туралы ақпаратқа өте бай. Сонымен бірге, ізденген жандар бұл парақшалардан сотқа қатысты негізгі сауалдарға нақты жауап ала алады. Әсіресе, судьялардың бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін мейлінше тиімді пайдалануға дағдыланғанын байқау қиын емес. Айталық судьялар қазір журналистердің көмегінсіз әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып, халықпен бетпе-бет кездесу өткізуге үйренді. Тікелей эфирде талқыланатын тақырып алдын ала хабарланып, жүздесетін уақыт белгіленген соң азаматтар да бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып жүр. Мұндай ашық диалог сот пен азаматтар арасындағы байланысты нығайтып, өзара сенімді қалыптастыратыны талассыз.⠀

Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тағы бір маңызды сәт — сот тәжірибесінің біркелкілігі мен жүйелілігі. Бұл — азаматтар мен бизнестің сенім мәселесі. Қоғам ашықтығы арта түскен жағдайда соттар коммуникацияның түрлі арналары арқылы қоғамдық институттармен ашық диалогты жолға қоюы тиіс» деген болатын. Соттарға мұндай талаптың қойылуы орынды. Өйткені соттың жұмысын, судьяның шешімін бізден артық ешкім түсіндіріп бере алмайды. Сот тәжірибесіне қатысты күмәнді ой туындамас үшін судья өз шешімін мейлінше ұғынықты, қарапайым тілмен түсіндіре білуі керек. Азаматтардың барлығы бірдей заңнан жетік хабардар емес. Судья түсіндірмесі құқықтық тұрғыдан сауаты төмен жандардың білімін көтеріп, біліктілігін арттыруға ықпалын тигізеді. Яғни, ашықтық сотқа деген сенімді қалыптастырудың кепілі. Сондықтан БАҚ-тың мүмкіндігін, әлеуметтік желілердің игілігін қолдана отырып өз жұмысымыздан хабардар етудің пайдасы орасан.

Г.Ажибаева,

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...