Ақпанның аяғына дейін кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі бекітіледі

Ақпан айының соңына дейін кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі бекітіледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымын жүргізу және кәдеге жарату алымына иелік етуді тоқтату жөнінде іс-шаралар қабылдауға тапсырма бергенін еске салды.

«Осы бұйрықты орындау шеңберінде 2022 жылғы 18 қаңтарда ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Осыған байланысты өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып мемлекеттік ұйым ретінде «Жасыл даму» акционерлік қоғамы айқындалды. «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және тиісті қаражаттарға билік ету бөлігіндегі қызметі тоқтатылды», — деді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, бүгінгі күні тиісті уәкілетті органдар активтерді мемлекеттік меншікке беру, уәкілетті органдардың қорытындыларын ұсыну, «Жасыл даму» АҚ балансына беру, акционерлік қоғамды әділет органдарында қайта тіркеу және басқа да іс-шараларды қабылдап жатыр.

Айта кетейік, «Жасыл даму» акционерлік қоғамы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйым саналады.

«Кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесін төмендету мәселесі бойынша ҚР Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәдеге жарату алымының коэффициенттерін қайта қарау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл мөлшерлемелер осы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітіледі. Жоғарыда көрсетілген жұмыс тобының қызмет нәтижелері туралы ақпарат министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады. Көрсетілген уақытқа дейін кәдеге жарату алымы «Жасыл даму» АҚ операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленуде», — делінген министрлік ақпаратында.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...

Личность, аналитичность и профессионализм 

ВСЕ ПРОФЕССИИ ПОЛИЦЕЙСКОЙ СЛУЖБЫ ТРЕБУЮТ ОСОБОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ, КОМПЕТЕНТНОСТИ, ПРИНЦИПИАЛЬНОСТИ...

Как толпа меняет поведение

ПРЕДСТАВЬТЕ ОБЫЧНУЮ СИТУАЦИЮ, КОГДА НЕСКОЛЬКО ЧЕЛОВЕК СТАНОВЯТСЯ СВИДЕТЕЛЯМИ КОНФЛИКТА...

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...