12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қақпа алдындағы кездесу: «Сүрінгенге көмектесу»

Қақпа ашылып босатылу туралы куәлігі бар адам біздің өмірімізге қайтадан оралады.Ол қалай өмір сүреді? Неліктен ол бұрыңғы тайғақ жолға оралуы мүмкін? Біздің қоғамдағы пікір бойынша егер адам қылмыс жасаған болса, онда бас бостандығынан айыру жаза емес.Ол азап шегуі керек,барлық жерде оған шектеу қойылуы керек, ол өзін озі жоғалтуы керек деген ой туындайды. Осындай қисынға сәйкес, бас бостандығынан айырылған адам осындай шектеулі өмірге көп көңіл бөліп,қайталануды қаламайды.Бұл ретте бас бостандығынан айырылған сотталғанға қақпа алдындағы кездесу жобасы көмектеседі. Осындай іс шараның бірі ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өткізілді.
Мысалға 1991 жылы туылған Андрей есімді сотталған ұрлық үшін сотталып, 4 жылға бас бостандығынан айырылып жазасын ШКО ҚАЖД ОВ 156/6 қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеп жақында жаза мерзімін жеңілдетілген жаза түріне яғни, шектеу мерзіміне ауыстырып, бостандыққа шықты. «Бұл менің бірінші рет сотталуым, мастықпен ұрлық жасап осы жерге түстім. Әрине бірінші рет болған соң маған алғашында қиын болды, бірақ мекеменің психолог мамандары маған психологиялық көмек көрсетудің арқасында мен өз қорқынышымды жеңіп шықтым,менің өмірге деген көзқарасым өзгеріп,қазіргі уақытта мекемеден босатылып тұрмын.Қуанышымда шек жоқ осы мекеменің қызметкерлері, Шемонаиха ауданының жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері мен Шемонаиха ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері келіп,маған бос жұмыс арындарын ұсынып, жұмыс тауып берді, алдағы өмірге деген құлшынысымды арттыруға көмектесуде. Енді менің бостандықта жұмысым болады,мен мекемеде кәсіби білімімді арттырып, газо электр дәнекерлеуші мамандығын игеріп алдым ,әрине бұл біз сияқты қоғамнан шеттетілген
адамдарға үлкен көмек,қоғамға қайта бет бұруға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын»- деді сотталған.
«Көптеген бас бостандығынан айырылған сотталғандар өмірде түзу жолға түсіп,қайтадан темір торға түспеулеріне бұл жоба зор ықпалын тигізіп отыр тек түрме қақпасының сыртында сотталғанның жақсаруға мүмкіндігі бар екеніне және оған қоғамның көмектесетініне көзіміз жетіп отыр мұндай іс шаралардың мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмысқа орналастыруда қолдау көрсету»-дейді ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Олжас Ахметбек.

Через факты, а не эмоции: депутат объяснил, почему Казахстан растёт, даже если этого не чувствуют

Депутат Мажилиса Болатбек Алиев заявил, что разговоры о «постоянном...

КазНУ им. Аль-Фараби: от Дня основания до “Farabi HUBа”

15 января на факультете Филологии Казахского национального университета имени...

Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазіргі жаһандану дәуірінде адамдардың шетелге шығуы, халықаралық деңгейде білім...

Құқықтық мәдениеті дамыту қажет

Жаңа Қазақстанды дамытуда заңгерлердің атқаратын қызметі  зор. Осы орайда...

Экологиялық қылмыстар бойынша сот тәжірибесі

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстің 13-тарауымен бекітілген. Онда...