Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері қамауға алынды — БАҚ

Ақмола Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясов қамауға алынды. Шенеунікті 1 сәуірде екі ай мерзіміне қамауға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «kokshetau.asia» басылымына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметіне сүйенсек, Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері өзіне сеніп тапсырылған мүлікті қызмет бабын пайдалана отырып аса ірі мөлшерде жымқырған деген күдікке ілінді.

«Расталмаған мәлімет бойынша, Сүлен Ілиясов мемлекеттік ауруханаларда жетіспейтін жасанды тыныс алу аппараттарын жеке медициналық ұйымдарға берген. Сондай-ақ, бюджет есебінен салынған клиниканы коммерциялық құрылымға өткізді деген күдікке ілінді», — деп хабарлайды Kokshetau.asia.

Іспен ҚР Бас прокуратурасының жедел-тергеу тобы айналысады. Ілиясовты тұтқындау туралы құжатта ол бостандықта жүргенде объективті тергеуге кедергі келтіруі немесе жасырынуы мүмкін екені көрсетілген.

Айта кетейік, Ілиясов екі ай бұрын қызметінен кеткен. Ол бұл қызметке 2020 жылдың ақпанында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен тағайындалды.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...