12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақ халаттыларға ескерткіш қойсақ артық емес

Екі-үш күн өтпей-ақ, бәріміздің өміріміз күрт өзгерді. Санамызға үрей, көңілімізге алаң кірді. Құдай Тағала бәрімізді панасына алып, адамзатты тезірек бұл індеттен құтқарсын!

Осындай қиын жағдайда әрқайсымыз жағдайды бақылап, сыртқа шықпай үйде отырмыз. Талап сондай. Орындау керек. Ал, енді тап осы жағдайда біздің ардақты дәрігерлеріміздің, медбикелер мен мейіргерлеріміздің, жедел жәрдем жүргізушілердің, ауруханалардың қабырғасы мен еденін жуып, сәт сайын вирус жұқтырып алу қаупін басынан кешіріп жүрген санитарлық қызметкерлердің жағдайы нешік десеңізші! Олардың көңіл-күйлерін кім ойлап отыр?! Бұл кісілердің де бала-шағасы, туған-туысы бар. Бұл кісілердің де жеке өмірі бар. Ал, олар мына жалмауызбен жүргізіліп жатқан соғыстың өтінде, ауырып жатқан әр азаматымыз үшін жан алысып, жан берісіп жатыр. Әрине, кейінгі кезде біздің медицина саласына көңіліміз толмай жүр. Кей дәрігерлеріміздің біліктілігіне, салада қалыптасқан жемқорлыққа т.б. дүниеге наразымыз. Баяғы бір “ақ халатты абзал жан” деген қастерлі ұғымның құны да түсіп кеткен сияқты. Бірақ, қазіргі жағдайда біздің медиктерге еш оңай емес. Күндіз-түні ауа өтпейтін формаға қымтанып, басын қатерге тігіп жүрген әр дәрігердің орнына өзіңізді қойып көріңізші! Өте қиын жағдай! Үйде жатып алып, ақ бопты, көк бопты деу — кім-кімнің болсын қолынан келеді. Ал, әлгіндей сәт сайын, сағат сайын, тәулік сайын кірпік қақпай сіз бен біздің денсаулығымыз үшін аянбай еңбек ету — нағыз қаһармандық! Сол себептен, біздің ардақты да жанкешті дәрігерлерімізге кішкене болсын қолдау сөз айтқым кеп отыр.

Ақ халатты абзал жандар! Сіздердің дәл қазіргі жағдайдағы еңбектеріңіз ерен, халыққа жасап жатқан әр жақсылықтарыңыз үшін әрқайсыларыңызды Тәңірім жарылқасын! Көп рақмет сіздерге! Адамзатты осы бір індеттен құтқару — әуелі Жаратқанның әмірі болса, екінші өздеріңіздің қажырлы да өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасында болмақ! Осы ретте мен Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлынан коронавирусты жеңген күннің ертесінде Нұр-Сұлтан қаласында Дәрігерге еңселі ескерткіш қоюды тапсыруын сұраймын! Денсаулық министрлігіне, әр аурухана басшысына шыдамдылық пен күш-қуат тілеймін! Біз тек осындай жағдайда ғана емес, мәңгі бірге болуымыз керек!

Ақберен Елгезек,

ақын

Шансы на успех 

Построение справедливого общества – главная ценность современного казахстанского общества....

Будущее городских пространств

На днях состоялся международный форум UK Ftre Space, посвященный...

Климатическая повестка страны

По международному сотрудничеству за прошлый год сотрудники министерства экологии...

Поддержка инвестиционных проектов

По поручению Главы государства Правительство через финансовые институты развития...

Черная паутина Часть 13

Летом 2022 года участники ОПГ продолжили поиск квартир, оставшихся...