Ақ халаттылардың ақ жүрегі: өмірін медицинаға арнаған егіздер

Анар мен Назипа – бала күнінен дәрігер болуды армандаған егіз қыздар. Қарасаз ауылында дүниеге келген олар бүгінде біреуі – акушер, екіншісі – педиатр болып, өмірін адам жанына араша болуға арнады.

Ауыл фельдшері Күләш апайдың мейірімі мен кәсібилігі оларды медицина жолына жетеледі. Екеуі де мектепті үздік бітіріп, медицина саласына оқуға түсіп, алғашқы еңбек жолын Қызыл шекара ауылында бастады. Қиын-қыстау 90-жылдары, дәрі-дәрмек тапшылығына қарамастан, елге адал қызмет етіп, науқастардың жанынан табылды.

Анар Рақымбайқызы – тәжірибелі акушер, 40 жылдық еңбек жолында миллионнан астам сәбидің кіндігін кескен. Ал, Назипа Нәкенқызы балалар дәрігері ретінде мыңдаған бүлдіршіннің саулығына жауапты болды. Олар үшін бұл мамандық – жай жұмыс емес, өмірлік миссия.
Пандемия кезінде де егіз дәрігерлер алдыңғы шепте күресіп, өз миссиясына адал екенін дәлелдеді. Қорғаныс киімін шешпей, бірнеше апта бойы ауруханада түнеп, адам өмірі үшін жан аямай еңбек етті.

Олар үшін басты мақсат – науқастың саулығы, ана мен баланың амандығы. «Қайта өмірге келсек, осы жолды қайта таңдар едік», – дейді апалы-сіңілілер.

Анар мен Назипаның өмірі – дәрігерлік мамандыққа деген шексіз сүйіспеншілік пен адалдықтың жарқын үлгісі.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...