«Ақ бидай» VIII республикалық ауыл спорт ойындары: Тоғызқұмалақ жеңімпаздары анықталды

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында «Ақ бидай» VIII республикалық ауыл спорт ойындары аясындағы тоғызқұмалақтан жарыстар мәреге жетті. Ұлттық зияткерлік ойын шеберлері өзара мықтыларды анықтау үшін бір апта сайысқа түсті. Алматы облысында 16–21 қыркүйек аралығында өткен ауыл спорт түрлерінен елішілік жарыс тартысты өтті.

Жарысты ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

Бұл додаға тоғызқұмалақтан еліміздің 16 облысынан (Солтүстік Қазақстаннан басқа) 123 спортшы қатысты. Оның ішінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 1, спорт шебері – 16, спорт шеберлігіне үміткер – 64 және 42 бірінші мен екінші разрядты спортшылар бақ сынады. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 7 турдан тұрады. Бұл шараның ұйымдастыру жұмыстарына Алматы облыстық тоғызқұмалақ спорты федерациясының ұжымы белсенді атсалысты.

Жеке есеп қорытындысы

Ерлер арасында
• 1 тақта: І орын – Салман Ерсұлтан (Түркістан облысы)
• 2 тақта: І орын – Кенжеғалиев Бектас (БҚО)
• 3 тақта: І орын – Джунебаев Парахат (Маңғыстау облысы)
• 4 тақта: І орын – Норлан Олжас (Павлодар облысы)

Қыздар арасында
• 1 тақта: І орын – Сатыбалды Ақнұр (Алматы облысы)
• 2 тақта: І орын – Сауытбек Айдана (Алматы облысы)
• 3 тақта: І орын – Құсайынова Арайлым (Атырау облысы)
• 4 тақта: І орын – Сәлімғали Қарақат (БҚО)

Командалық есеп

Ерлер командалары бойынша:
🥇 Қызылорда облысы
🥈 Павлодар облысы
🥉 Түркістан облысы

Қыздар командалары бойынша:
🥇 Алматы облысы
🥈 Батыс Қазақстан облысы
🥉 Қарағанды облысы

Бұл жарыс ауыл спортшылары арасындағы ең ірі республикалық дода ретінде тоғызқұмалақтың дамуына және ұлттық спортты насихаттауға зор үлес қосты. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...