12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Тіл – ел құндылығы»

Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нысаны мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл тәуелсіз
ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі. Сондықтан да, ол ұлттың
өзгеден даралығын анықтайтын жалғыз да айрықша белгісі. Қай ұлт болсын тілі арқылы ғана ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады. Ұлт тілінің мемлекеттік тіл ретінде танылуы тіл бағының жануы, мемлекеттік тілді білу сол
мемлекеттегі әрбір азаматтың борышы саналуы тиіс. Мемлекеттік деңгейде тіл
саясатының шешілуі өте өзекті әрі тың маңызды мәселе.

Бұл қазақ халқының рухани болмысының негізін сақтап дамуы, ұлттық идеологиялық саясаттың шешілуі деген сөз.
Елбасымыз айтқандай, қазақ халқы бұрын жүздеген жылдар бойы аңсап келген
тәуелсіздігінің арқасында тұңғыш рет мемлекеттік деңгейде өз ана тілінің мәртебесін
Ата Заң арқылы белгілеп, бірінші рет қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.
Біздің ана тіліміз ең бай тіл. Қай елдің болмасын негізгі мәселесі осы ана тілі
болмақ. Мәселе туындаса бір ел мақтайды, біреуі даттайды. Қанша сөз айтылса да ол
өзінің туған тілі емес пе?!
Тіл тұтастығын жоғалтып алсақ оны қайта құрастырушы халық. Қазақ тілі жеке
бір қазақ адамның тілі емес, барша мемлекеттің ортақ тілі. Тілді біз ананың ақ сүтімен
бесікте жатқан да ақ бойымызға сіңіреміз. Біз өз тіліміздің қаншалықты бай екендігін
өзгелердің көзінше қиналмай-ақ жеткізе аламыз. Таза, мәнерлеп, сөздің майын тамыза
сөйлеу арқылы сен өз тіліңді қандай дәрежеде құрметтейтініңді дәлелдей аласың.
Тарихымыз, өткеніміз қаншалықты құнды болса, тіліміз де соншалықты құнды болмақ.
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының
Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Тiл
туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi
ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми
түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.


А.Толентаев, Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...