12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі  — Елбасымыз атап
айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы».
Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы
халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін,
ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған
даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші, жинақтаушы
қызметін атқарады.

Осы қасиеттеріне сәйкес қазақ халқының ана тілі — қазақ тіліне
мемлекеттік тіл ретінде басымдылық берілетінін негіздеген Ата
заңымызбен «Тіл туралы заң» және «Тілдерді қолдану мен дамыту
туралы мемлекеттік бағдарламаларға» сай қазақ тілі еліміздің бүкіл
аймағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын
мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын
жүргізу тілі.
 Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту –
бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне
айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл — біздің ана тіліміз —
Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты
белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның
мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы
қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі болып – Қазақ тілі болып белгіленген. Осы Заң Қазақстан
Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін,
мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау
жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында
қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз
етеді.
Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз
заманында: «Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми
әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-
санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін
көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері» — деп тайға таңба басқандай анық
та айқын көрсетіп берген болатын.
Бұрынғы даналардан қалған: «Қанша тілді білсең, сонша
мәдениеттісің, сонша байсың» деген сөз де бар. Әрине, құптарға
боларлық ой, бірақ, өзге тілді білемін деп жүргенде өз тілімізден көз
жазып қалмайық! Қазақстандықтардың бәріне жуығы көпұлтты ортада
өмірге келген. Қазақстанның көпұлтты болуы – ешкімнің қолдан
жасаған әрекетінің нәтижесі емес, тарихи даму жолымен солай
қалыптасты. Және бұл біздің еліміздің кемшілігі емес, басқалардан
артықшылығы. Өйткені, көптүрлі мәдениеттің, діннің, дәстүрдің,
білімнің, т.б. арасынан шыққан жақсылықтарды бойымызға сіңіре
аламыз.
Тілдерді дамыту – елдердің мемлекеттік саясаттың аса маңызды
бағыттарының бірі. Жалпы мемлекеттік тіл саясатын толыққанды
жүзеге асыру бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына
жете алады. Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып жатыр деп отыра
бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып,  жұрттың
оған деген сенімін нығайтуға  күш салғанымыз дұрыс. 
Ең бастысы, қазір Отандастырымыз мемлекеттік тілді қолдау
және дамыту  бағытында  барынша мүдделік танытып отыр.  Бүгінгі
күні  тілдерді дамыту жан жақты қарастырылуда.  Тіл тағдырына деген
жеке адам ретінде жанашырлығымызбен  қамқорлығымыз артуда.
Қазіргі таңда көптеген отбасылар балаларын қазақ тілінде оқытатын
мектептерге ана тілін жетік меңгеру үшін беріп, оқытып жатқандары
қуантарлық жағдай. Әрбір отбасында, осындай тілге деген жанашырлық
болса, «тамшыдан тама-тама дария болар» дегендей, тіліміздің жағдайы
әлдеқайда жоғары деңгейге көтеріледі деген сенімдеміз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, тілге деген
құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз
халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін
тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

                                           ГҮЛМИРА ИСКАКОВА, Қызылорда қаласының әкімшілік  құқық бұзушылықтар жөніндегі  мамандандырылған сотының судьясы

Тергеу мекемесінде екі жазасын өтеуші некеге тұрды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Колония қызметкері мейірбикелерді «Мейірбике күнімен» құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекеме қызметкерлері, мекеме...

С «Днем медицинской сестры» поздравили медсестер сотрудники колонии

Сотрудники учреждения №19 ДУИС по области Абай, поздравили медсестер...