12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Еңбекпен өткен елу жыл

Қазақстанның қиыр оңтүстік-батысында әйгілі Каспий теңізіне сұға орналасып жатқан, жері тарихы ескерткішке бай, Әбіш Кекілбаев «Ұйқыдағы аруға» теңеген өлкеде 1973 жылдың 23 наурызында Маңғыстау дербес облыс болып құрылған болатын. Сол кездегі Маңғышылақ атауымен енші алған жаңа әрі жас аймақта ішкі аумақтық бөлініс қайта қаралып, атқарушы органдар мен мекемелер бой көтерді. Осы кезеңде Маңғыстау облысының соттар жүйесі құрылып, бүгінгі облыстық соттың іргетасы қаланды.

Әрине, дербестікке қол жеткізген жаңа аймақтың сот органы аяққа нық тұруы үшін мықты мамандар керек-ті. Осы ретте облыстық соттың қалыптасуының бастауында өздерінің бүкіл күш-жігерін, ақыл-ойы мен білімін заңдылық пен әділеттіліктің берік орнығуына жұмсаған білікті заңгерлеріміз тілге оралады. Елу жылдықтың арғысын айтпағанның өзінде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін әр жылдары Қ.Мамбетов, Н.Чиняев, М.Смағұлов, С.Абдуллаев, Д.Әміров, Ж.Аланов, Е.Даулиевтер Маңғыстау облыстық сотының төрағасы ретінде және сол кезеңнен бері қызмет атқарған судьялар қосыны аймақтағы сот төрелігінің әділ іске асыруда, азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауда сүбелі үлес қосты.  

Бүгінгі күні Бек Әметұлы басқаратын облыстың судьялар қауымы да құқықтық мемлекетімізде заңның үстемдігін орнатуда аянбай еңбек етіп келеді.

Сонымен қатар Маңғыстау облыстық сотының ұжымы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, спортпен де тұрақты түрде айналысатынын байқауға болады. Оған дәлел облыстың судьялар командасы репсбуликалық жарыстарда бірнеше мәрте топ жарғанын да білеміз.

Мен де осы өңірде он жылға жуық Ақтау қалалық сотында судья, төраға қызметтерін атқардым. Яғни, судьялық қызметке алғаш кірісуім осы қасиетті мекеннен бастау алады. Сондықтан болар Маңғыстау өлкесіне қатысты қандайда жаңалық болса, назардан тыс қалдырмай, қадағалып отырамын.

Судьялық қызметімнің алғашқы баспалдағын қалаған, адалдық пен әділеттілікті ажырамас серігі ретінде нық ұстаған Маңғыстау облыстық сотының мереулі елу жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Сот төрелігін іске асыруда, еліміздің құқықтық жүйесін қалыптастыруда аянбай еңбек ете беріңіздер! Ұжымға табыс пен абырой тілеймін!

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Әділхади Шығамбаев

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...