12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Медиациялық келісімнен ұтарымыз көп

«Медиация туралы» заңның қабылданып, қолданысқа енгеніне он жылдан аса уақыт өтті. Осы уақыт аралығында қоғам медиацияның маңызын жан-жақты түсініп, артықшылығына толық көз жеткізді. Жаңа институт қолданысқа енгізілгенде жұрттың күмәнін тудырған мәселелер бүгінде оң шешімін тапты.

Мәселен, тараптар медиациялық мәмілеге келгеннен гөрі, сот шешімін алғанды заңды, орынды көретін. Себебі, медиациялық келісімді қарсы тарап орындамайды деп қауіптенетін. Ал тәжірибе көрсеткендей, азаматтар медиациялық мәміле барысында белгіленген талаптарды өз еркімен, дер кезінде орындайды. Өйткені, медиация – ерікті келісім. Медиатор екі тарапқа да тең қарап, екі тараппен келісе, ақылдаса отырып, екі жаққа да қолайлы мәмілені бекітеді. Мұнда жеңілген немесе жеңген тарап болмайтындықтан, азаматтар арасындағы сыйластыққа да сына түспейді.

Егер татуласу келісімі ерікті түрде орындалмаған жағдайда, бір тараптың өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде келісім мәжбүрлеп орындатылады. Ол үшін сот кеңсесіне келіп, келісімшартта көзделген талапты мәжбүрлеп орындау үшін атқару парағын шығару туралы өтініш жазу жеткілікті. Аталған өтініш негізінде, сот ешбір даусыз атқару парағын шығарады. Яғни, бұл жерде атқару парағы орындалмайды деген күмән орынсыз.

Бүгінгідей уақыттың бағасы артқан заманда медиацияның да маңызы көтерілгені талассыз. Себебі, азаматтар сот әуресіне қанша уақыт кетерін білмейді. Өйткені, бір даулы іс сотта бір күнде шешіле қоймайды. Сот процесі апта, айларға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан уақыты мен қаржысына ұқыпты қараған тараптардың медиациялық келісімге келуден ұтары көп. Сот рәсімімен салыстырғанда медиация рәсіміне кететін уақыт қысқа, әрі мемлекеттік баж салығы төленбейді. Дауласушы тараптар адвокаттың қымбат ақылы қызметіне жүгінбейді. Ең бастысы татулық бұзылмайды, жүйке жұқармайды. Қоғамдағы алауыздықты азайтып, ел бірлігін, тұрғындардың татулығын нығайта түседі.

Медиацияның сот жүктемесін азайтып, судьялардың неғұрлым күрделі істерге көңіл бөлуіне мүмкіндік беретінін де айта кеткен жөн. Міне, осындай артықшылығы мол интитутты көпшілікке насихаттау арқылы ел іргесін нығайтуға, даукестікті азайтуға болатынын қаперде ұстайық.

М.Әміров,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының төрағасы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...