spot_img
spot_img

Әдеп кодексін сақтау әрбір судьяға міндет

Заң үстемдігін орнатудың кепілі саналатын судьялардың парасат-пайымы, кісілік келбетіне қойылатын талап та жоғары. Өйткені, судьяның білімі мен кәсіби шеберлігі ғана емес, қоғамда өзін-өзі ұстауына қарап та азаматтардың сот жүйесіне деген көзқарасы қалыптасады. Сондықтан да судья болуды мақсат еткен азаматтар өзінің тәуліктің 24 сағатында да көпшілік бақылауында жүретінін, кез келген теріс әрекеті бүкіл сот корпусының беделін төмендетуге ықпал ететінін естен шығармауы тиіс. Осыған орай еліміз өз тәуелсіздігін алып, отандық соттың негізі қаланған кезден бастап судьялардың әдебіне қатысты талаптар шегін белгілеп, нақтылау керектігі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Ал  республика судьяларының басын біріктірген ҮІІ съезде Судьялардың әдеп кодексін қабылдау қажеттігі көпшілік талқысына салынды.

Осылайша 2016 жылдың 21 қарашасында үшінші билік өкілдерінің әдебіне қатысты кодекстің жаңа нұсқасы қазылар ортасына салып, ондағы қағидалар көпшілік көңілінен шыққан соң, қызу талқылаудан кейін бірауыздан қабылданған болатын. Сот өкілдері б9л кодексте судьялардың әдептілік ұстанымынан бөлек, заң үстемдігін орнықтыруды, судьялардың жауапкершілігін биіктетуді, сапалы судьялар корпусын жасақтауды, бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз етуді, сонымен қатар, құқықтық ағартушылық мәселесін жандандыруды басты міндет ретінде белгілеген еді.

Кодексте айқындалғандай, судья берген антына берік болып, кез келген іс-әрекетті жүзеге асырған уақытта оғаш көріністерге жол бермей, судья лауазымына лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға тиіс. Сондай-ақ судья сот билігінің беделін түсіретін және судьяның абыройына нұқсан келтіретін барлық теріс іс-әрекеттен бойын аулақ ұстауы шарт екені құжатта жан-жақты белгіленген.

Міне талай жылдан бері басты бағдарға айналған судьялардың Әдеп кодексін де жаңартатын, жаңғыртатын уақыт келді. Өйткені, қазір ақпарат заманы. Сот қызметі ашық әрі қолжетімді болғандықтан судьялар жұмысына алғысын білдіретіндер де, сын айтатындар да жеткілікті. Өкінішке орай, әлеуметтік желідегі негізсіз сын, жаладан сот пен судья қызметін арашалау мүмкін болмай тұр. Сондықтан, Әдеп кодексі бүгінгі ашық қоғамда судьялардың қорғанына айналғаны жөн.

Р.Мусакожаева,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...