Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің есебіне тіркеуге алынған азамат заңды қаскөйлікпен бұзып қайта қамауға алынды.
Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзатын сотталған азаматтарда кездеседі.
Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Келес аудандық пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайта қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Келес аудандық сотының залында аудандық пробация қызметі есебінде тұратын Назар есімді азаматтың ісі қаралды. Ол пробация инспекторларына ескертпестен шет аумаққа 5 күнге шығып кеткен. Осы бес күннің ішінде аталған соталған ішімдік ішіп, ұялы телефон ұрлаған. Өзінің жаған қылмысын мойындады, бірақ бұл қылмысқа не үшін барғанын түсіндіріп айтып бере алмады.
Оған жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін және алдағы уақытта жаңадан қылмыс жасауының алдын алумен оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында, пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды. Ол бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімі дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылады.
Сонымен қатар, қайта қылмыстың алдын мақсатында пробация есебінде тұрған сотталғандар да сот процесіне қатыстырылды. Сотталғандар өзгенің қателігін көре отырып, қайта қылмыстың соңы темір торға тоғылатынын сезіндіру болды.
— Келес аудандық пробация қызметінің есебіне алынған алғашқы күні Назарға өзінің құқықтары мен міндеттері түсіндірілген болатын. Алайда бұл азамат жаза өтеу барысында өзіне сотпен берілген мүмкіндікті тиісті деңгейде орындамады. Оған жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін және алдағы уақытта жаңадан қылмыс жасауының алдын алумен оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында, пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып Назардың жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазаны Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді. Бұл азамат өзі түзеу мекемесінен босап, пробация қызметіне тіркеуге алынған болатын. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөзін әрбір еліміздің азаматы есте сақтау қажет. Пробация есебіне тіркелген азамат өзіне заң бойынша жүктелген міндеттерді бұзбағаны дұрыс. Өзінің жасаған қылмыснан сабақ алғаны абзал, — деді Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Әшірбаев.


