Елордалық колонияда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ауқымды іс-шара өтті

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №3 мекемесінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрам тойланды. Әль-Фараби айтқандай,  « Ең бақытты қоғам – әйел күлкісі көп естілетін қоғам». Жазасын өтеп жатқан әйел азаматшаларға, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында, арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып сотталған ер азаматтар көңілді әуен шырқап, сахналық көрініспен, өлең-жыр шұмақтарын оқып берді. Мұндай іс-шаралар мекеме аумағында жыл сайын өткізіліп отырады, бұл жазасын өтеп жатқан нәзік жанды әйелдер үшін әсерлі көңіл-күй сыйлайды деді: Мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары әділет майоры М.Жакишев. 

«Әйел деген әдемі ғой, әдемі, Әдемілік бізге көптік етпейді», деген ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен концерттік бағдарлама аяқталды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...