Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің Алатау аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері күн сайын есепте тұрған адамдардың үйін тексереді.
Әрбір адамды тұрғылықты жері бойынша тексергенде оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, кешкі және түнгі уақытта аудан тұрғындары демалатын ойын-сауық кешендері бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Бұл іс-шаралар бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған адамдар тарапынан, қайталанулардың алдын алу, уақтылы анықтау, құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың жолын кесу мақсатында жүргізіледі.
Үйде болмаған жағдайда біз ескерту жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің
Алатау ауданының пробация қызметі бөлімінің инспекторы
әділет лейтенанты Жалгасбаева Ж. Ж.


