Әке жолын жалғап, иығына жұлдыз таққан ару

Түркістан облысы бойынша тергеу саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, тіптен өткен жылы Қарағанды қаласына арнайы шақыртылып, ҚР ІІМ Марат Ахметжановтың қолынан «Құқық қорғау қызметіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін алған полицей ару Жұлдыз Юлдашбекқызы Журабаева біздің өңірдің мақтанышы!

Түркістан қаласында туған Жұлдыз, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын 2017 жылы бітіріп, Шымкент қаласы Абай аудандық полиция бөлімінде криминалист мамандығы бойынша жұмыс жасаған. 2018 жылы Түркістан қалалық полиция басқармасына тергеуші лауазымына ауысқан. Ал 2021 жылдың ақпан айынан бастап, Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасында тергеуші лауазымында.

-«Кез келген қылмысты ашып, күдіктіні анықтауда тергеушілерге артылған жүк ауыр. Кінәліні дөп басып тауып, істің ақ-қарасын ажырату үлкен мінезді, жүректі, жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан біздің затымыз әйел болғанымен, қылмыскерді тануда әлсіздікке жол жоқ!»-дейді полиция капитаны Жұлдыз.

Сондай-ақ кейіпкеріміздің дәл осы саланы таңдауына, әкесінің полицей болғаны әсер еткен. Өйткені Юлдашбек Журабаев полициядан зейнетке шығып, бүгінде бейнетін көріп отырған жан!

Осынау көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі «8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінен» Сіщді құттықтаймыз! Әрқашан жұлдызыңыз жанып, жарқырай беріңіз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында алдын алу шараларын өткізді

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында профилактикалық жұмыстар жүргізді....

Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент...

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде психологиялық кездесу өтті

Кеше Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде...

Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізді

2026 жылғы 6-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Жамбыл облысы...