Қызметіне адал – Айгерім

Полиция департаментінде қызметін мүлтіксіз атқарып жүрген шенді аруларымыз өте көп. Солардың бірі Екінші арнайы бөлімнің инспекторы полиция аға лейтенанты Айгерім Абдрахманқызы Оразбек . Оның ішкі істер саласында қызмет атқарып келе жатқанына 20 жылға жуықтады. Алғашқы қызмет жолын 2005 жылы Мамандандырылған күзет басқармасынан бастаған. Абыройлы қызметі үшін Департамент басшылығынан түрлі алғыс хаттар алып, бүгінде жұмысын жүйелі орындауда.
-« Қолым қалт ете қалса, бос уақытымды отбасыма арнағанды жөн көремін. Қазіргі таңда 2 қыз 1 ұлдың анасымен. Отбасымызбен демалыс күндері театрға барып, спектакль тамашалағанды жақсы көреміз. Болашақ шенді аруларға айтарым әйел адам әрқашан өзін бағалап, кез келген қиындықты жеңе білуі керек. Сонда ғана діттеген мақсаттарыңызға оңай жетесіздер! »,- деп ақыл — кеңесін білдірді шенді ару.
Отбасы мен жұмысын қатар алып жүрген Айгерім Абдрахманқызын Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, қызметіне табыс тілейміз!

Ардагерге құрмет – ұрпаққа өнеге

Ардагерлер ұйымы төралқасының бастамасымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне...

Применение электронных средств слежения в ходе ОПМ «Безопасный дом»

На учете службы пробации Ауэзовского района Департамента уголовно-исполнительной системы...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі рөлі

Мемлекеттік тіл – әділетті қоғамның, тәуелсіз елдің және біртұтас...

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...