Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған салтанатты іс-шара СҚО бойынша ҚАЖД өтті

Әсем жандыларды жарқын көктемгі мерекесімен Департамент басшылығы мен жеке құрамы құттықтады. Өздерінің жастық шақтарын Отанына қызмет етуге арнаған қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерлердің әйелдері мен аналары да назардан тыс қалмады. Департамент бастығының уақытша міндетін атқарушы Мұрат Накенов құттықтау сөз сөйлеп, арнайы контингентпен жұмыс істей отырып, ер адамдармен тең дәрежеде қызмет атқаратын әйелдердің батылдығы мен жанқиярлығын ерекше атап өтті.

«Қызметте ержүрек және тәртіпті қызметкерлер, үйде қамқор аналар, әжелер, әпкелер мен қыздар. Бүгінгі таңда әйелдер барлық қызмет салаларында кәсіби биіктерге жетіп, қоғамның игілігі үшін жемісті еңбек етіп, кез-келген салада  жетістіктерге жетеді. Сіздердің әрқайсыларыңыз мейірімділіктің, сұлулық пен рақымның бейнесі. Құрметті ханымдар, Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге және сіздің отбасыларыңызға денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!»,- деп құттықтады Мұрат Накенов.

Іс-шара аясында 40-тан астам әйел медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Осылайша, ішкі істер Министрінің бұйрығымен «Қазақстан полицисына 30 жыл» естелік төсбелгісімен екі қызметкер, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен де екі әйел марапатталды. Сонымен қатар, үш қызметкерге ҚР ІІМ алғыс хаттары табыс етіліп, екеуіне алғыс жарияланды.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...