8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Көктем мерекесі,

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

                        Құрметті судьялар, сот аппараттарының қызметкерлері!

Сіздерді судьялар қоғамдастығы атынан 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Бұл күні нәзік жандылардың атына ізгі тілектер айтылып, кәсіби шеберлігі мен табандылығы үшін, өз қызметін үлкен жауаптылықпен табысты атқарғаны үшін құрмет көрсетіледі.

Қыз-келіншектер — әрбір сот ұжымының тірегі. Олардың қолы тиген істен тиянақтылық пен тазалық, мінсіз нәтиже бірден байқалып тұрады. Осы әрекетімен олар көшбастап, өздерінің кез келген түйткілді тез шешуімен, өзгерістерді жылдам меңгеруімен өзгелерге жол көрсетіп жүреді.

Әйел – отбасының алтын қазығы. Содан болар, әрбір жетістікке жеткен азаматтың артында мықты, ақылды әйел тұрады деген сөз дәл айтылмаған. Әйелдің ана ретіндегі абзал қызметін ештеңе алмастыра алмайды. Аналар бізге өмір сыйлаушы, тірлігіміздің сәні, жүрегіміздің мәні, жанұямыздың жылуы.

Бүгінгі таңда, қоғамдағы әйелдердің орны мен маңызы артты. Нәзік жанды қыз-келіншектер қазір кез келген саланы алға дөңгелетіп,  бизнес, мемлекеттік басқару, саясат, денсаулық сақтау, білім беру саласында жетекші қызметтер атқаруда. Кәсіби жетістіктерден бөлек, олар сыйлаған мейірім мен әдемілік әлемді жақсы жаққа өзгертіп, жаңартып, жаңғыртуда.

Абзал ана, әдемі әйел, мейірбан қарындастарымызды көктем мерекесімен құттықтай отырып, күн сайын жақындарыңыздың назарына, қамқорлығына және сүйіспеншілігіне бөлене беріңіздер деп тілейміз. Денсаулықтарыңыз мықты, көңіл-күйлеріңіз жоғары, сәттілік серік болып, әрдайым айналаға шуақ шашып жүре беріңіздер!

Сәкен АБДОЛЛА

Қазақстан Республикасы

Судьялар одағының төрағасы

АЛМАТЫДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ ЖАҢА СЕРПІН АЛАДЫ

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан...

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі жаңашылдықтар

Қазақстан Республикасының Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге...

Сот қызметкері – заңның адал елшісі

Конституциялық реформалар арқылы жаңарған құқықтық кеңістікте мемлекет пен азамат...

Сандық технологиялар – қолжетімділік кепілі

Бүгінгі таңда қоғам өмірінің кез келген саласына сандық технологиялардың...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

📍Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны азайту мақсатында негізгі...