Қазақстанда шаш күтіміне арналған тауар 41,7 пайызға қымбаттады

Шаш күтіміне арналған тауар 41,7 пайызға қымбаттаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СЖРА Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, сусабындар бір жылда 41,7 пайызға қымбаттады, сонымен қатар, мұндағы өндірістің азайғаны да байқалды. Шаш күтімі өнімдерін, атап айтқанда, сусабындар, шашқа арналған лактар және шашты бұйралауға немесе сәндеуге арналған өнімдер өндірісі 10,3 пайызға төмендеді. Осылайша 2022 жылдың 12 айында 606 тоннадан астам өнім өндірілген.

Өз кезегінде импорт 18,1 пайызға өсті. Сырттан 24,3 мың тонна шампунь мен шашқа арналған лак әкелінді. Импорт өнімдерінің үлесі — 97,6 пайыз.

12 айдың қорытындысы бойынша, ішкі нарықта жоғарыда аталған өнімдердің 24,1 мың тоннасы сатылған.

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында алдын алу шараларын өткізді

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында профилактикалық жұмыстар жүргізді....

Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент...

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде психологиялық кездесу өтті

Кеше Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде...

Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізді

2026 жылғы 6-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Жамбыл облысы...