Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарауда қандай мәселеге мән беру керек

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау барысында олардың заңмен айқындалған құқықтарына нұқсан келтірмеу маңызды мәселе болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, тәртіптік жаза жасалған тәртіптік терiс қылықтың ауырлығына, оны жасаған адамның кiнәсiнiң дәрежесiне сәйкес келуге тиiс.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшi терiс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсiнiктеме талап етiледi. Мемлекеттік әкімшілік қызметшi елеусiз терiс қылық жасаған жағдайда, егер жазбаша түсiнiктемесiнде ол осы терiс қылықты жасау фактісімен келiссе, онда уәкілетті адамның қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзбей «ескерту», «сөгiс» немесе «қатаң сөгiс» түрiндегi жаза қолдану құқығы бар.

Егер, мемлекеттік әкімшілік қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау фактісімен келiспесе, онда уәкілетті адамның бұйрығы бойынша осы Қағидаларда айқындалған тәртiпке сәйкес қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлуге тиiс.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшi жазбаша түсiнiктеме беруден бас тартуға құқығы бар, мұндай жағдайда, персоналды басқару қызметінің жұмыскерлері не уәкілетті лауазымды адамдар тиісті акт жасайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге кедергі болып табылмайды.

Қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы туралы материалдарды және мәліметтерді оның жасалу мән-жайын толық, жан-жақты және объективті айқындау мақсатында жинау мен тексеру жөніндегі қызмет болып табылады.

Қызметтiк тергеп-тексеру уәкілетті адамның бұйрығымен тағайындалады және персоналды басқару қызметi қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу туралы актіні шығарған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде жүргiзедi.

Уәкілетті адамның осындай қызметтiк тергеп-тексеруді тағайындау туралы актісі болмаса, тергеп-тексерулерді жүргiзуге жол берiлмейдi.

Егер, мемлекеттік қызметші еңбекке уақытша жарамсыз, демалыста немесе iссапарда, даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында, тағылымдамада болу кезеңдерінде және заңнамамен белгіленген өзге де жағдайларда оған қатысты тағайындалған қызметтік тергеп-тексеру тоқтатыла тұрады.

Қызметтiк тергеп-тексеру барысында персоналды басқару қызметi  не уәкiлеттi лауазымды адамдар терiс қылықтың жасалу мән-жайларына қатысты барлық материалдар мен мәлiметтердi және тергеп-тексерудiң өзге де негiздерiн жан-жақты әрi толық жинап, материалдарды тиісті дәлелді қорытындымен Тәртіптік комиссияның қарауына ұсынады.

Тәртіптік комиссия уәкілетті адамның актісімен қалыптастырылады және мемлекеттiк органның қызметкерлері қатарынан құрылатын Комиссия төрағасынан, мүшелерінен тұрады.

Комиссия өз отырысында қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарайды және тәртіптік терiс қылыққа қатысты фактілерді зерттейдi, өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң және тергеп-тексеру жүргiзген персоналды басқару қызметiнің не уәкiлеттi лауазымды адамдар өкілдерінің түсiнiктемелерiн тыңдайды. Комиссияның куәларды тыңдауға және терiс қылыққа қатысы бар кез келген фактілерді зерттеуге де құқығы бар.

Комиссия отырысында қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау, егер өзіне қатысты тәртiптiк жауаптылығы қаралатын мемлекеттік әкімшілік қызметші отырыс өткiзілгенге дейiн кемінде үш жұмыс күні бұрын Комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілсе және аталған материалдармен таныстырылса, оның қатысуынсыз өтуі мүмкiн.

Тәртіптік терiс қылық жасалғанын растайтын фактілер болған жағдайда, Комиссия жаза қолданудың орындылығы мен оның түрi туралы уәкілетті адамға ұсыным береді.

Уәкілетті адам мынадай шешiмдер қабылдайды: тиiстi тәртіптік жаза қолданады, жазаны қолдану мерзімдері шегінде материалдарды қосымша қызметтiк тергеп-тексеруге жiбередi немесе тәртіптік жаза қолданбайды.

Тәртіптік жаза уәкілетті адамның бұйрықтарын, өкiмдерiн шығару арқылы қолданылады.

Персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) тәртіптік жаза қолдану туралы актіні тәртіптік жауаптылыққа тартылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысына және мемлекеттік органның басшылығына танысу үшін жолдайды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың аталған Қағида нормаларының сақталуына қатысты бақылауды жүргізеді және мемлекеттік қызметшілердің құқықтары бұзылған жағдайда, оларды қалпына келтіру шараларын қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Л.Н. Науқанбай

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...