«Алғыс айту» күніне орай ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері қан тапсырды

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің және мекеменің жеке құрам қызметкерлері «Алғыс айту» күніне орай облыстық қан орталығына барып, өз еріктерімен донор ретінде қан тапсырды. Ең алдымен дәрігерлер қызметкерлердің донор болуға жарамды немесе жарамсыз екендіктерін анықтап, медициналық тексерістен өткізді. Қан қысымын, гемоглобин деңгейін және диспансерлік есепте тұратындарын анықтады. Толық тексерістен өтіп рұқсат берілген қызметкерлер мұқтаж жандарға жаңа өмір сыйлап, сауапты іс жасады.

«Бір тамшы қан – өмірге араша» демекші, өмірі бір тамшы қанға тәуелді қаншама жандар бар. Бір адамның берген 450мл қаны, өлім аузындағы үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін ескерсек, қаншама науқас жанның өміріне үміт сыйлаймыз. Осы ретте қызметкерлердің өзгеге қан бергенімен қоймай өз денсаулықтарына пайдасы тиетініне өте қуаныштымыз. Сондай-ақ облыстық қан орталығының қызметкерлеріне өмір үшін күресіп, адал маңдай терімен қызмет етіп жүргендеріне жәнеде жыл сайын үрдіс ретінде қан тапсыруды ұстанып жүрген барша мекеме қызметкерлеріне алғысымыз шексіз»-, деді Кадр саясаты тобының бас маманы әділет майоры Ә. Беркінбаев.

«Бір адамға болсын өмірге деген жаңа талпыныс жасап жатқаныма өте қуаныштымын. Қан тапсыру арқылы өзгеге де өзіме де пайдам тиіп денсаулығым жайлы ақпараттар біліп, денсаулыққа өте ұқыптылықпен қарау керек екенін түсіндім. Бастысы мамандардың сөзіне құлақ асып, денсаулығымызды аялай білейік. Бүгінгі келіп жеткен Алғыс айту мерекесі баршамызға құтты болсын!» -, деді ҚАЖ мекемесінің қызметкері аға лейтенанты Т. Тлеубекова.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...