12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Судьялық әдебі – заң үстемдігінің кепілі

Еліміздің бүтіндей сот жүйесі – әділдіктің айнасы. Сондықтан сот төрелігін іске асыратын судьялар корпусы қызмет бабында және одан тыс уақытта жалпыға бірдей әдеп нормаларын қатаң сақтауға міндетті. Осы тұрғыдан 2016 жылы  21 қарашадағы  Қазақстан Республикасы Судьяларының ІІV Съезінде Судьялық Әдеп кодексі қабылданды. Аталған кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңына негізделе отырып жасалынған.

Он бес баптан тұратын  кодексте Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті ережелерінің, БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарарымен мақұлданған сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидалары, судьялардың тәуелсіздігі, объективтілігі, теңдігі, адалдығы мен сатылмайтындығы, құзыреттілігі мен ұқыптылығы және әдеп нормаларын сақтау, үстемдікті құқық пен демократияның, ал сот билігінің тәуелсіздігін әділ сот талқылауына деген құқықтың базалық элементі, сонымен қатар жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін жүріс-тұрыстың әдеп қағидалары белгіленген.

Осы кодекстің елімізде ғана емес, Венециядағы «Құқық арқылы демократия үшін» Еуропалық Комиссия тарапынан да оң баға алғанын айта кеткен жөн.

Судья әдебі – бүкіл судьялар қауымдастығының жұмысына қатысты судья әріптестерден бастап, қарапайым азаматтармен, түрлі топтармен қызмет бабында және одан тыс уақытта қатынасқа түскендегі өзін-өзі ұстауы мен шектеулері.

Кодекстің 4-бабында көрсетілгендей судьяның соттан тыс жердегі жүріп-тұруы, оның процеске қатысушылармен өзара қарым-қатынасы соттың тәуелсіздігі туралы қоғамның сенімділігін сақтауға ықпал етуге тиіс. Судья нақты сот ісі бойынша іске қатысушы адамдармен, олардың өкілдерімен, прокурормен, адвокатпен, өзге де мүдделі адамдармен процестік және өзге де заңнамада көзделмеген кез келген қарым-қатынас деп түсінілетін процестік емес байланыстарды, егер осы іс-әрекеттер судьяның объективтілігіне және бейтараптылығына негізделген күмәннің туындауына алып келуі мүмкін болса, болдырмауға тиіс. Осы ретте Қазақстан Республикасының сот жүйесінің ерекшелігіне сай судьялар өндірістегі немесе аяқталған істер бойынша және басқа да мән-жайларға байланысты азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау жүргізуіне құқығы жоқ екендігін ескерген жөн.

Осы Кодексте белгіленген жүріс-тұрыс қағидаларын атқарып отырған қызметіне қарамастан Қазақстан Республикасының барлық судьялары, сондай-ақ отставкадағы судьялар орындауға тиіс. Судьялық әдепке байланысты қандай да бір мәселелер осы Кодекспен реттелмеген жағдайларда, судья жалпы қабылданған мораль мен адамгершілік қағидаттарын, сондай-ақ сот төрелігін іске асыру мен судьялардың жүріс-тұрыс саласындағы халықаралық стандарттарды ұстануға тиіс. Судья судьялар қауымдастық органына жүріс-тұрысының мүмкін моделінің судьялардың нақты жағдайдағы жүріс-тұрысының әдеп қағидаларына сәйкестігі туралы сұрау салып, жүгінуге құқылы. Судьялар қауымдастығының мұндай сауалды қарау нәтижелері жөніндегі жауабы ұсынымдық мәнде болады.

Жалпы алғанда Судьялық әдеп кодексі судьялар корпусының қазіргі құрамын кәсіби және адами-әдеп жағынан нығайтудың құралы. Әділ соты бар ел – дамыған ел. Сондықтан сот жүйесіне деген сенім басты орында тұруы тиіс.

Салтанат Умарсерикова

Қызылорда облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының судьясы

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...

Жастар мәселесі жалтақтықты көтермейді

«Сот пен дәрігері жоқ жерде өмір сүрмеңіз» дейді халық...