20-25 қаңтар аралығында облыс аумағында жүргізілiп келетін «Есепте тұрған» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің жеке құрамы жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, пробация қызметінің есебiнде тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайлары, жұмыс-орындары бойынша тексеріп, iздеу салынған сотталғандарды Алматы ауданы бойынша пробация қызметі бастығының қатысуымен іздеп, тексеруде.
Жедел профилактикалық іс-шарасы барысында қызметкерлер пробация есебіндегi сотталғандармен тығыз қарым-қатынаста болып оларды тексерумен қатар, олардың қоғамға бейімделуiне, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған қоғамдық iс-шараларға тарту бойынша iс шараларды да атқарып келеді.
Сонымен қатар, жаза өтеу тәртібі мен шарттарын орындау кезінде анықталған тәртіп бұзушылықтар болған жағдайда дереу алдын алу жұмыстары жүргізілiп, сотталғанмен қайта жаза тәртібін бұзбау жөніндегі профилактикалық әңгімелер жасалып, сот талаптарын орындамаған жағдайда жаза түрі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатындығы жөніндегі жазбаша ескертулер берiлдi.
«Есепте тұрған» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде күні бүгінге дейін жаза өтеу тәртібін бұзған 10 есепте тұрған сотталғанға қатысты жаза түрін бас бостандығынан айыру жөнінде жадығат сотқа жолданды.


