Түркістан облысында «Мигрант» шарасы барысында 180-нен астам құқық бұзушы анықталды

Ағымдағы жылдың 20-28 ақпан аралығында Түркістан облысы аумағында ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Оның негізгі мақсаты-тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон деректерінің жолын кесу.

Полицейлер елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартатын жұмыс берушілерді анықтау үшін базарларды, сауда нүктелерін, құрылыс объектілерін, тұрғын үйлер мен шаруа қожалықтарын және басқа да орындарды тексеруде.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері 2 тәулікте ҚР Көші-қон заңнамасын бұзған 183 адамды анықтады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың ішінде 113-і шетелдіктер болса, 70-і Қазақстан азаматтары. Сондай-ақ сот шешімімен 26 шетелдік елден шығарылды. 27 заң бұзушы арнайы қабылдап-тарату орнына жеткізілді.

Осылайша шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін Қазақстанның 20 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК 519-бабы
(Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 50 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Оған қоса көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы
(Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 113 шетелдік жауапқа тартылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізудегі рөлі аса маңызды

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, тұғырын нығайту еліміздің әрбір...

Кафедра білікті кадрлар орталығы саналады

Алматы технологиялық университеті еліміздің білім беру кеңістігінде нық орны...

Ветераны-афганцы призвали участников акции «Батырларға тағзым» строго соблюдать закон и общественный порядок

Председатель общественного объединения «Союз ветеранов Афганистана» Мурат Абдушукуров на...

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...