12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ТИІМДІ САЯСАТ — ӘЛЕУМЕТ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Елдің экономикалық дамуы тұтастай алғанда өңірлердің бәсекеге қабілеттілігіне байланысты болса бүгінде осы аймақтар күрделі мәселелердің ортасында қалып отыр. Олардың, әсіресе, инфрақұрылымы алаңдатарлық жағдайда. Яғни, жылдар бойы қалыптасқан жылу, электр қуаты және сумен жабдықтау жүйелерінің қатты тозуы, нашар жолдар, халықтың көпшілігі үшін тұрғын үйдің жетіспеуі мен қолжетімсіздігі, жекелеген өңірлерде газдың болмауы, ауыл тұрғындары үшін тұрмыс жағдайының қолайсыздығы және осыған байланысты артып бара жатқан ішкі миграция өңірлердің берекесін кетіріп тұр. Егер тез арада шұғыл шаралар қабылданбаса, жағдай бұдан бетер ушығуы мүмкін.

Бұл жөнінде өткен жұмада Сенатта өткен «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбына арналған тыңдауда айтылды. Алқалы бас қосуда өңірлерге қатысты біраз мәселенің беті ашылды. Сенаттың аймақтар тағдырына айрықша мән беруінің себебі жоғарғы палатаның өз жұмысын өңірлер мүддесін қорғайтын құзырлы орын ретінде айқындап жатқанында екен. Палата спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан саяси ауқымды реформалардың заңды жалғасы.

Сондықтан өңірлердің теңгерімді дамуына ықпал ету Сенаттың басым міндеттерінің бірі ретінде белгіленіп отыр. Бұдан былай облыстардың инфрақұрылымдық мәселелері сенаторлардың ерекше назарында болады. Мәулен Сағатханұлы өз сөзінде: «Мемлекет басшысы «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы арқылы өндіріс қуатының тозуын азайту туралы нақты тапсырма берді. Бұл ретте өңірлердегі жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту жұмыстарын жандандыру аса маңызды. Олардың 50 пайыздан астамы әбден тозған. Кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 80 пайызға дейін жеткен. 2023 жылғы бюджетті нақтылау аясында осы мақсатқа қаржы бөлу жоспарланып отыр. Азаматтардың әл-ауқатына тікелей қатысы бар осы мәселелерді дәйекті түрде шешу қажет», – деп өңірлердің негізгі проблемаларына назар аудартты. Жиында қосымша баяндама жасаған Сенатор Серік Шайдаров бұл мәселелердің нақты себептерін атап көрсетті. Оның айтуынша жылу желілеріне қатысты қиындықтардың туындауына олигополия және жылу мен электр энергетикасы кәсіпорындарының аффилирленуі ықпал етіп отыр. Бүгінде жылу электр орталығының шамамен 60 пайызы жеке­меншікте, олардың көпшілігі 1990 жылдары жекешелендіру барысында тым арзан бағамен сатып алынды. Сонымен қатар, Қазақстанда 64 пайыз электр энергиясын тек 5 компания өндіреді. Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін Үкімет «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасын әзірледі. Өкінішке қарай, бұл құжатта қазіргі сыни жағдайды түзету үшін нақты шаралар қамтылмады. Жағдайды толық білу үшін, өңірлерде, әсіресе ауылдық елді мекендерде су құбыры желілерін түгендеу жұмыстарын жүргізу қажет. Сол секілді жергілікті жолдардың барлық учаскелері диагностикалануы және паспортталауы керек. Бұл ағымдағы жағдайды анықтау және жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың оңтайлы тетігін әзірлеу үшін маңызды. Бұл шара тек өңірлердің нақты қажеттіліктерінен туындауы тиіс. Мемлекет басшысы атап өткендей әкімдердің «қол жеткізу қауқарына», біреулердің жеке қалауына және басқа да субъективті факторларға тәуелді болмауы керек.Сонымен қатар, жергілікті жолдарды күтіп ұстау және пайдалану жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында жол-пайдалану мекемелерін күшейте отырып, бірыңғай оператор құру қажет. Олардың жұмысын жергілікті атқарушы органдар бақылайтын және қабылдайтын болу керек. Инфрақұрылымның тозуы өңірлердегі жұмыс орындарының жетіспеушілігімен қатар көші-қон процестерінің күшеюіне әкелетінін түсіну қажет. Мәселен, 2010–2020 жылдар аралығында көші-қон ағыны есебінен халықтың өсуі Ақтөбе облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды, бұл өңірлерде бүгіннің өзінде ел халқының 36 пайызы тұрады. Сонымен қатар, халықтың жүйелі түрде кетуі Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алуда. Мұның бәрі, сайып келгенде, өңірлер арасындағы елеулі әлеуметтік және экономикалық теңгерімсіздіктерге ғана емес, сондай-ақ, елді мекендердің, әсіресе шекара маңы облыстарының әлсіз қоныстануына байланысты ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің туындауына алып келеді. Сондықтан,өңірлерде жұмыс орындарын ашу және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жақын арада орталық және жергілікті билік үшін басым міндет болуға тиіс. Бұл ретте бұл жұмыс, ең алдымен, өңірлік стандарттар жүйесіне байланысты және қалалық, ауылдық тұрғындар үшін әлеуметтік және инженерлік-техникалық инфрақұрылымдар объектілері мен қызметтерінің қолжетімділігінің ең төмен міндетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталып жүргізілуге тиіс. Бұл орайда 2019 жылдан бастап қолданыстағы өңірлік стандарттар жүйесі қайта қарауды талап етеді. Өйткені, ауылдық елді мекендер үшін бекітілген объектілер мен қызметтер тізбесі ветеринариялық пункт, мал қорымдары қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары сияқты маңызды орындарды көздемейді. Басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді теңгерімді бөлу жөніндегі жұмысты күшейту қажет. Жергілікті атқарушы органдар өңірлердегі проблемаларды шешу үшін жеткілікті өкілеттіктерге ие болуға тиіс. Ал өңіраралық мәселелер орталық деңгейде шешілуі керек. Проблемалардың ауқымдылығы мен өзектілігі өңірлердің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз етуге қауіп төндіретіні сөзсіз. Сондықтан өңірлік саясатты жетілдіру бойынша жедел және ұтымды шаралар қабылдаудың маңызы зор. Іс-шараны қорытындылаған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтылған барлық ұсыныс Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша әзірленетін ұсынымдарға енгізіліп, Үкіметке жіберілетінін айтты. Сондай-ақ, ол мәселелер Сенаттың алдағы жұмысында да ескеріледі.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,