Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды 

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсеновтің ұлы Урмат Үсенов Алматыда күзетпен ұсталуда. Бұл туралы кыргызстандық Kaktus.media басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Урмат Үсенов №18 тергеу изоляторында (СИЗО-18) отыр. Онымен бірге бұл іс бойынша тағы үш күдікті бар. Олардың екеуі Қырғызстан азаматы, біреуі Қазақстан азаматы.

Не үшін күдікті?

Kaktus.media дереккөздерінің мәлімдеуінше, айыпталушыларға қылмыстық топ құрамында заңсыз кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырды, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрды немесе оған жетекшілік етті деген айып тағылуда.

Тергеу болжамы бойынша, күдіктілердің қорқор (кальян) өнімдерінің айналымына қатысты заңсыз қызметке қатысы болуы мүмкін.

Басылымның ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары келтірілген шығынды 26 миллион теңгеге бағалады.

Тергеу аясында құқық қорғау органдары қорқор темекісінің ірі партиясын тәркіледі. Тергеу мәліметтері бойынша, тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 1,6 тоннадан асқан, ал оның құны 46 миллион теңгеден астам сомаға бағаланып отыр.

Сот қамауға алуға санкция берді

Kaktus.media хабарлағандай, 10 наурызда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Ақпарат жарияланған сәтте бұл іс бойынша ресми түсініктемелер берілген жоқ.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.