12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкесінің достарын алдап, тауарлық несие рәсімдеп, оны көрші мемлекетке сатып жіберген жігіт ұсталды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне екі бірдей тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның бірінің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу тауарлық несие алып, 1 миллион 150 мың теңге шығын келтірген. Ал, екінші арызданушының атынан 435 мың теңге алып, банкке қарыз еткен. Біраз уақыт өткен соң берешектері көбейіп, банктен хабар келгенде, жәбірленушілер тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Арызданушылардың шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында мақтааралдық полицейлер қажетті іздестіру- шараларын жүргізді. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Алаяқтық жасаған жас жігіт жәбірленушілердің досының ұлы болып шықты.

Анықталғандай, күдікті жас жігіт егде жастағы тұрғындардың ұялы телефон қолдануды онша білмейтінін пайдаланған. Яғни жәбірленушінің біріне «телефоныңызды вирустан тазартып беремін» деп алдап, оның атынан тауарлық несие шығарып алған. Екінші жәбірленушіге де кезекті өтірігін айтып, соңында сан соқтырған. Содан шағымданушылардың атынан 2 дана «IPhone 13» пен 1 дана «IPhone 13 Pro» алып, Өзбекстанға сатып жібергені белгілі болды.

Қазіргі таңда іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Нархоз университетінде жасанды интеллект пен үлкен деректерге арналған халықаралық конференция өтті

2025 жылғы 16 мамырда Алматы қаласындағы Нархоз университетінде «Цифрлық...

Соблюдение досудебного урегулирования спора

Досудебное урегулирование споров необходимо понимать как закрепление в договоре...

Дариға Назарбаева “Астана Опера“ театрының қамқоршылық кеңесінен шығарылды

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2013 жылғы 22 мамырдағы №512 "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы үкімет қаулысына өзгерістер енгізіп жатыр.

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІС БАР?

Зауре ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының судьясы Қазақстан...

Сохранить единство, сберечь мир

В Акмолинской области к юбилею Ассамблеи народ Казахстана запланировано...