12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елордалық ҚАЖ Департаментінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дәріс өткізілді

Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының қызметкері Алмагүл Кепебаевамен 2023 жылғы 3 қаңтардағы өзгерістер бойынша «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу, сондай-ақ әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру» тақырыбында жеке құраммен сабақ өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез – құлық нормасына айналуы тиіс. Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет болмаса, қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның міндеті екенін түсінуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл идеологиясын, мемлекеттік билік органдарының ашықтығы мен жариялылығын енгізу, тұрақты және әділ әлемдік дамуға жәрдемдесу маңызды болып табылады. Мұндай мінез-құлық стандарттарын қалыптастыру, ең алдымен, өзіне қойылатын талаптарды қоюдан, қажетті мінез — құлық ерекшеліктерін тәрбиелеуден басталады-деп түсіндірді Алмагүл Кепебаева.

«2023 жылдың өткен кезеңінде Департаменттің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық қылмыс фактілері болған жоқ, сол бағытта біз әрі қарай жүруіміз керек. Бағыныштыларды, олардың қызметтегі және күнделікті өмірдегі мінез-құлқын бақылау қажет. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік, қызметтік тәртіп пен Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы тұрақты негізде әңгіме жүргізу керек», — деп атап өтті Департамент бастығы Дәулет Рақымбеков.

Аталған сабақта Департаменттің өзіндік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерімен құқық қорғау және сот органдарында  «integrity check» атты жоба іске қосылғаны туралы жеке құрамға қайта жеткізілді.

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...