12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұшқан ұямыз — заң факультеті

Мемілекеттің тегеурінді дамып, ондағы жағдайдың тұрақты болуын қамтамасыз ететін бірден бір трек, азаматтардың құқығы мен бас бостандығын қоғайтын – заң саласы екені белгілі. Соның ішінде жазылған заңды, мүлтіксіз орындап, «тұра биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп ұрандаған құқық қорғау органдарының қызметкелері екені анық. Бүгінде еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы үшін күресіп жүрген, әділдікті ту еткен білікіті мамандар аз емес. Сол мамандардың арқасында Қазақстан азаматы екенін мақтан ететін, болашағын осы елмен кәміл байланыстыратын, болашағынан қам жемейтін жастар алаңсыз оқып, өзі қалаған іспен шұғылданып келеді. Бұл да болса еліміздегі тұрақтылық пен оны қамтамасыз етіп отырған құқық қорғау орындарының арқасы. Тиісінше еліміз де жыл сайын өркендеп өсіп, анағұрлым тебінді даму үстінде.

Иә, жыл сайын қаншама білікті мамандар тәрбиелеп, құқық қорғау органдарын кадрмен қамтамасыз етіп отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетін айтпай кетуге болмас.  Өз өмірлерін қиын да күрделі жолға арнап, сол таңдауларын мақтан ететін өрендер тәрбиелеп келе жатқан бұл орда – бастауын 1934 жылдан алады.

Іргетасы қаланғаннан бері, заң факультеті көптеген жаңғыртулар мен жаңартуларды басынан өткерді. Бүгінде заң факультетінде болашақ құқықтану, құқық қорғау қызметі, кеден ісі мамандықтары бойынша білім беріледі.  Студенттерді даярлау үдерісі орта білім және жоғары білім негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, заң факультетінің студенттерінің магистратура және PhD докторантурасына түсіп білімін жалғастыруға толық  мүмкіндіктері бар. Өз жұмысын сүйетін, өз өмірін құқық саласы мен заң ғылымдарына арнаймын деген жанға, факультет базасында керек оқу құралдары мен материалдардың бәрі бар. Факультет өз ұстаздарына да үнемі көңіл бөліп отырады. Факультетте сабақ беретін мамандар жыл сайын халқаралық конференциялар мен ғылыми тағылымдардан қалмай, білімін арттырып отырады.

Әртүрлі деңгейдегі, күрделі ғылыми-тәжірбиелік мәселелерді шешуге толық мүмкіндігі бар факульеттің – тәжірибелі мамандар мен материалдық базасының арқасында әлеуеті айтарлықтай  арта түсуде. Оқу орынында 30  профессор мен ғылым докторлары, 80-нен аса ғылым кандидаттары, доценттер, сонымен қатар ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Жоғары Соты, құқық қорғау органдарында қызымет атқарған  жоғары тәжірибелі мамандар дәріс оқиды. Мамандардың басым көпшілігі түрлі шет тілдерді еркін меңгерген, алыс-жақын шетелдерде тағылымдамадан өткен саха оқытушылар.

Заң факультеті жыл сайын мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері жөнінде халықаралық және республикалық конференциялардың, сонымен қатар Қазақстан Республикасы студенттері арасында құқық пәндерінен өткізілетін әртүрлі олимпиадалардың тұрақты ұйымдастырушысы болып келеді. Факультетте ғылыми оқу-әдістемелік әдебиеттің бай қоры жинақталған. Сондай-ақ, мұрағат материалдары жинақталған көне кітапханасы да бар. Студенттерге керек жағдайдың баршасы жасалған.  Соңғы үлгіде жабдықталған «интернет залдары» мен компютерлік сыныптар, әдістемелік оқу материалдары көп кітапхана түгел дерлік студенттердің игілігіне жұмыс істеп тұр. Мұнда студенттерден бөлек магистранттар мен докторанттарға арналған арнайы мамандандырылған оқу залдарында білім іздеген талапкер үшін  таптырмас мүмкіндік.

Заң факультетін бітірген түлектер арасында түрлі басшылық қызметте отырған тұлғалар жетерлік. Мәселен: ҚР сот және құқық қорғау органдары, ІІМ, прокуратура органдары, ҚР Әділет министрлігі басқармаларының басшылары да бар. Өз кезегінде заң факультетінің түрлі басшылық қызметте отырған түлектері, өзі оқыған оқу ордасына сенім білдіріп ҚазҰУ-дың түлектерін белсенді жұмысқа қабыдайды. Бұл да болса ЖОО орынының кадр дайындаудаға нәтижелі жұмысының арқасы болса керек.

Тұрақтылық пен тыныштық болған жерде – үздіксіз даму мен ілгерлеудің болатыны бесенеден белгілі дүние. Құдай осы тыныштығымыз бен, берекемізден айырмасын!

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ, заң факультетінің

оқытушылары; Ш.Б. Маликова,

Г.М. Атаханова,

О.Н. Тлепбергенов,

А.Б. Избасова,

С.Б. Маликов

ҚазҰУ-дың еліміздегі  білім мен ғылымды дамытудағы рөлі

   әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті -Қазақстандағы жетекші жоғары...

Қара шаңырақ ҚазҰУ-ға 90 жыл!

  Қазақ ұлттық университеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)- Қазақстанның білім...

Народный трибун, ученый, наставник

Вот уже пять лет нет с нами нашего наставника...

Сапалы білім-қоғам дамуының негізі

Сапалы білім – бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі....

Ориентир для развития

В ежегодном Послании народу Казахстана Глава государства говорил о...