Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, соған қарамастан аурудың өсуі байқалады. Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда ауру (473 жағдайдан 545 жағдайға дейін) 15%-ға өсті. Тәулігіне ПТР-дің оң нәтижесімен COVID-19-дың 120-ға дейінгі жағдайы және ПТР-дің теріс нәтижесімен COVID-19-дың 10-ға дейінгі жағдайы тіркелуде.
Бөлінген штаммдарды соңғы сәйкестендіру нәтижесі республикамызда жағдайдың 100%-ында COVID-19-дың Омикрон нұсқасының айналымы анықталғанын көрсетіп отыр.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республикамыз және барлық өңір жасыл аймақта тұр.
Сонымен қатар, 14 өңірде (Алматы, Астана, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Абай, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, СҚО облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары болып отыр.
Сонымен қатар, ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі жалғасуда. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері (2022 жылғы 1 қазаннан бастап) ЖРВИ-дің 3,4 млн жағдайы және тұмаудың 3 178 жағдайы тіркелді.
Өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауру 30%-ға өсті (2021 жылдың осыған ұқсас кезеңінде ЖРВИ-дің 2 704 876 жағдайы).
Республика бойынша соңғы 3 апта ішінде (ағымдағы жылғы 23 қаңтардан бастап) ЖРВИ-мен ауырудың біртіндеп өскені байқалады, соңғы аптада барлық өңірлерде ауру өсті, жалпы республика бойынша аурудың өсуі 1,6 есені (148 мыңнан жағдайдан 243 мың жағдайға дейін) құрады.
Тұмау мен ЖРВИ-дің эпидемиялық маусымын және коронавирус инфекциясы жағдайларының тіркелуін ескере отырып, халықққа мынадай
ұсыным беремін:
— COVID-19-ға қарсы вакцинацияның немесе ревакцинацияның толық курсын уақтылы алу;
— қоғамдық орындарда, көлікте, науқастармен байланыста болған кезде маскаларды пайдалану;
— жабық үй-жайларда адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту;
— үй-жайды үнемі желдетіп отыру;
— қол гигиенасын сақтау және науқас адамдармен байланыста болмау.
Сондай-ақ аурудың асқыну қаупін төмендету мақсатында уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет.