12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыдағы «Саяхат» автовокзалы орнына тұрғын үй кешені салынуы мүмкін

Алматыда бұрын «Саяхат» автовокзалы орналасқан аумақта тұрғын үй кешені салынуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктердің айтуынша, қазіргі уақытта автовокзал жері мемлекет меншігінде емес. Бірнеше жыл бұрын оны жеке компания сатып алған.

«Жер учаскесінің иесі 2018 жылғы 1 қазандағы сатып алу-сату шарты негізінде Sayahat Realty ЖШС саналады. Жер телімінің нысаналы мақсаты — коммерциялық үй-жайлары мен жерасты автотұрағы бар көп функционалды тұрғын үй кешені.

Қазіргі уақытта алаң қоршалған, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмейді. Жоба алдындағы құжаттаманың толық пакеті жоқ», — деді қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар «Саяхат» автовокзалы ауданындағы шектеулерге шағымданғаны хабарланған болатын. Олардың айтуынша, қаланың қақ ортасында бес гектар аумақ темір қоршаумен қоршалған және автотұраққа рұқсат жоқ.

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...