Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдермен кездесу өтті

2023 жылғы 10 ақпанда Байқоңыр қалалық пробация қызметі мен Байқоңыр қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 14 жастан асқан жасөспірім спортшылар тарапынан жасалуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жас спортшылармен профилактикалық кездесу өткізілді.

Кездесуге шамамен 120-дан астам жасөспірім спортшы қатысты. Аталған кездесуде Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры А.Танбаев жасөспірімдер тарапынан жиі жасалатын құқық бұзушылықтар, олар қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда қандай жауапкершіліктерге тартылуы мүмкін екендігі, сонымен қоса қылмыстық жазаға сотталғандар мемлекеттің қай саласында қызмет атқару құқығынан айырылатындығы және пробация қызметінің жұмыс барысы мен қызмет барысында кездесетін қылмыстық оқиғаларға тоқталып өтті.

Нәтижесінде, жасөспірім спортшылар Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы мен «Байқоңыр» кешеніндегі РФ ІІМ басқармасының қызметкеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ойға қонымды түсінікті, әрі толық ақпараттар алды.

-«Бұл іс-шара жасөспірім спортшылардың сана-сезіміне тек болымды, әрі жағымды әсер қалдырып, аз да болса жасөспірімдер тарапынан жасалуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алуға себеп болды.

Осы тектес іс-шаралар жыл соңына дейін Байқоңыр қалалық пробация қызметнің бастамасымен өткізіліп, әрі қарай өз жалғасын табатын болады»,-дейді Айдос Танбаев.

Байқоңыр қалалық пробация қызметі

Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізді

2026 жылғы 6-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Жамбыл облысы...

Қордай аудандық пробация қызмет рейдтік іс-шаралар жүргізілуде

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Қордай аудандық пробация қызметі, ағымдағы...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу – қоғам талабы

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басым...