32 градусқа дейін аяз және жауын-шашын: 14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер республика бойынша 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен ҚР батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде) жауып, жаяу бұрқасын болажы, жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстігінде көктайғақ болжанды.

«Тек республикамыздың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша тұман болжанды», — делінген хабарламада.

Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -21-23 градус, күндіз -10-12 градус болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -7-9 градус, күндіз +1+3 градус болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде -1+1 градус, күндіз +8+10 градус болады.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...