Полицейлер заң саласында оқитын студенттерге дәріс өтті

Кентау қалалық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Нұржігіт Әлиев «Жауап алудың түсінігі, маңызы және түрлері» тақырыбында сабақ өтті.

Лекция барысында сөз алған полицей: «Бүгінгі күні қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің 80%-ға жуығы куәлардың, жәбірленушілердің берген жауаптарына негізделіп отыр. Сондықтан да жауап алу сияқты тергеу әрекеттерінің маңыздылығына мұқият назар аударыңыздар. Жауап алушы тұлға (тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот, т.б.) жауап алудағы өзінің ерекше орнын сезініп, жоғары деңгейдегі кәсіби және адамгершілік қасиеттерін таныта білуі тиіс. ҚР ҚПК-да жауап алудың процессуалдық негіздері, түсінігі, мақсаттары мен түрлері айқын көрсетілген.

Жауап алу әдісі тергеушіден кәсіби мәдениеттілікті, адамдардың психологияларын терең білуді, жауап алудың тактикалық тәсілдерін жоғары деңгейде меңгеруді талап етеді.

Сондай-ақ ХҚТУ студенттеріне жалпы жауап алғанда қылмысқа қатысты қандай мәліметтер анықталатыны түсіндірілді.

Өз кезегінде жастар уақыт тауып, өмірде, қызметте көрген-түйгенін үйретіп, жол көрсетіп жатқан аға буынға алғысын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...