Түркияда қаза тапқан екі қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі — СІМ

Сыртқы істер министрлігі Түркияда қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың мәйіті Қазақстанға жеткізілетінін хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сыртқы істер министрлігі Хатай провинциясының Антакья қаласында үйдің құлауы салдарынан қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмдардың мәйіттерін Отанына жеткізуге Сыртқы істер министрлігі барынша көмек көрсетеді.

Биыл 11 ақпанында Анталия-Алматы бағытындағы тұрақты рейспен жерлестеріміздің мәйіті Қазақстанға жеткізіледі деп күтіледі. Барлық шығынды мемлекет өтейді», — деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, 8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандық із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды.

Бейсенбі күні қазақстандық құтқарушылар Антакьяда толығымен қираған алты қабатты ғимараттың үйіндісін тазарту кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапты. Кейінірек екінші қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесі табылды.

Тарихты тану жеткіліксіз…

Ол кезде 8-сыныптың оқушысы едім. Ұстаздарымыз бір топ оқушыны...

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігіне бағытталған маңызды қадам

Соңғы жылдары елімізде сот жүйесін жаңғырту бағытында бірқатар маңызды...

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды....

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...

Условно-досрочное освобождение в Республике Казахстан: текущее состояние, проблемы и пути развития

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...