Келелі істің кемел қозғалысы

Сот актілері қолданыстардағы заңдарда белгіленген тәртіпте дереу орындалуға жататындарын қоспағанда  заңды күшіне енуі бойынша орындалуға міндетті.

Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылып беріледі. Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы шешім шығарылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей жазылып беріледі және орындауға жіберіледі.

Ал, егер де бірінші сатыдағы  соттың шығарған шешіміне апелляциялық немесе кассациялық тәртіпте шағым жасалған немесе наразылық білдірген  жағдайда, шешім, егер оның күші жойылмаса, онда апелляциялық  және кассациялық қаулы шығарылған  күннен бастап заңды күшіне енеді.

Заңды күшіне енген соттың шешімі мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәріне бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында да сөзсіз орындалуға жатады. Үкімді орындамауға байланысты қылмыстық жауапкершілік жүктейді.

Атқару парақтарының жоғалып кеткені жөнінде Алакөл ауданының №2 аудандық сотына акт жолданып жатады. Осындай көптеген олқылықтар заңды күшіне енген сот шешімдерінің орындалмауына кедергісін келтіреді. Сондықтан осындай кемшіліктерді болдырмау мақсатында жолданған хаттарға уақытылы жауап беріп немесе уақытылы қайтарып тұрса артық болмас еді.

А.Сакенова Алакөл ауданының

№2 аудандық сотының

кеңсесі бас маман — сот отырысының хатшысы                

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...

Судья – сот жүйесіндегі басты тұлға

Құқықтық мемлекетте сот билігінің орны ерекше. Ал сол сот...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...