Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жібереді — Тоқаевтың тапсырмасы

Президент Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады. Министр Президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды.

«Сонымен қатар, Президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды«, — делінген хабарламада.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...