12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлыққа жол бермеу әрбір азаматтың міндеті

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік  мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі сыбайлас жемқорлық екені барлығына белгілі. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған.                                                 

2015 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.                                                                                                    

Сондай-ақ, Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы он жылдық стратегиясы да қабылданды. Стратегияның мақсаты-мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтаң кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.                                                                             

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында да Елбасымыз сыбайлас жемқорлықтың жай құқық бұзушылық емес екенің қатаң ескертіп, оған қарсы мемлекет пен қоғам жұмыла кірісу керектігін айтып, «Жемқорлық-мемлекеттің тиімділігі деген сенімді сетінетеді және ұлтық қауіпсіздікке төнген тікелей қатар. Біздің түпкі мақсатымыз-жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін оған қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейтуіміз керек» деген болатын.                                                                                                                       

Жалпы Қазақстанда тәуілсіздіктің  алғашқы жылдарынан-ақ сыбайлас жемқорлықпен  күрес жіті қолға алынған болатын. Соған қарамастан бұл міндет қоғам өмірінде анда-санда болса да бой көрсетіп қалып жүргені рас.                    

Сыбайлас жемқорлықтың ерекшілігі-оның көпшілікке жария етілмеуінде. Өйткені, ол екіжақты «құпия мәміле» ретінде іске асырылғандықтан, оның ашылуына екі тарап та мүдделі болмайды. Үлкен әлеуметтік қасірет саналып отырған қылмыстың бұл түрі саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлем елдерінің қай-қайсысын да қатты аландатуда. Көбінесе сыбайлас жемқорлыққа адамдардың заң талаптарын білмеуінің салдарынан жол беріледі. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығын көпшілік ескере бермейді.                                                                       

Жемқорлықпен күрес ең алдымен адами факторың таным-түсінігіне, рухани кемелдігіне байланысты. Әрбір азамат және әрбір мемлекеттік қызметшілер қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлықтың қарсы тұру керек. 

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық

сотының бас маманы

Б.М.Абдикаримова

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...