Қазақстандағы гендерлік саясат ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты қоғамдық қатынастардың барлық салаларын қамтудан, сондай-ақ олар үшін тең мүмкіндіктерді белгілеуден тұратын кең және кешенді тәсілді көздейді.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан гендерлік саясатты іске асыруда белгілі бір прогреске қол жеткізді. Ең алдымен, бұл әйелдер әлеуетін мақсатты дамытуда, еңбек қызметінде, бизнесте, саясатта және мемлекеттік басқаруда ерлер мен әйелдердің тең көрінісі үшін жағдай жасауда, әйелдердің сапалы білім мен денсаулық сақтауға тең қол жеткізуін қалыптастыруда, сондай-ақ ананы жан-жақты қорғауда өз көрінісін тапты. Бүгінгі таңда Қазақстанда гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың біртұтас институционалдық жүйесі қалыптасты, Елеулі құқықтық база құрылды.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әйелдердің жағдайы мен құқықтарына қатысты бірқатар негізгі халықаралық шарттарға қосылып, оларды ратификациялады.
БҰҰ – ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеті-Қазақстан әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою туралы конвенцияны орындау бойынша өзінің бірлескен үшінші және төртінші мерзімді баяндамаларын табысты ұсынды. «ҚР 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы» бағдарламалық құжатында баяндалған мақсаттар мен міндеттер белгілі бір аралық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия. БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетінің «ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы»гендерлік заңдарды қабылдау жөніндегі ұсынымдары орындалды. Нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингі институты енгізілді. Заңнаманы және практиканы талдауға қатысу үшін азаматтық қоғамның өкілдері тұрақты және уақытша консультациялық алаңдар мен сараптамалық топтардың, оның ішінде тұрақты жұмыс істейтін 11 жұмыс тобының жұмысына тартылады
Әйелдер үшін Қазақстан бастамашы болған түрлі форумдарда диалог алаңдары ашылды. Мәселен, биыл Астана экономикалық форумы аясында әйелдер кәсіпкерлігі бойынша әлемнің жетекші сарапшылары тартылған барлық маңызды мәселелерді талқылау үшін Дүниежүзілік әйелдер форумы өткізілді. Сауда – экономикалық ынтымақтастықты, шекара маңындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша «Кеден одағы әйелдерінің бастамалары» және «жасыл «экономикаға және ЭКСПО-2017-ге әйелдердің қосқан үлесі» атты екі шекара маңы аумақтарының форумы өткізілді.ҚР Президенті – Елбасының «Қазақстан-2050 «Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2050 жылға дейінгі аса маңызды қағидаттардың бірі ананы қорғау болып табылатынын ерекше атап өткен жөн. Тарихи тұрғыдан біздің халқымызда әйелдерге құрметпен қарау қалыптасқан, стана Президентінің әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқаруға белсенді тарту туралы нұсқауларын ұстана отырып, жергілікті деңгейде өңірлерде ерекше, Қазақстанда ұлттық ерекшеліктер мен халықаралық тәжірибені есепке алуға негізделген гендерлік саясаттың өзіндік моделі қалыптасты.Қазіргі жағдайда гендерлік теңдік мәселелері аса өзекті және неғұрлым маңызды әлеуметтік проблемалардың қатарына жатады.
Бұл келешекте осы бағытта ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктеріне қол жеткізу жөніндегі пәрменді тетіктерді енгізу мақсатында мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да нақты әрі үйлесімді жұмыс істеу үшін зор күш-жігер танытуға тура келетінін білдіреді.
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының судьясы Б.С.Имашева