spot_img
spot_img

Азаматтық процестегі Медиация

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде дауларды реттеудің нақ осындай тәртібіне ерекше назар аударылған, «татуластыру рәсімдері» деген жекелеген тарауда дауды медиация тәртібімен реттеу туралы бітімгершілік келісім жасасу және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім сияқты тараптарды татуластыру тәсілдері егжей-тегжейлі регламенттеледі.       

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 174-бабына сәйкес сот тараптарды татуластыру үшін шаралар қабылдайды, оларға процестің барлық сатыларында дауды реттеуге жәрдемдеседі. Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасай отырып не АІЖК-де белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады. Егер АІЖК-де немесе заңда өзгеше көзделмесе, татуластыру рәсімдерін татуластыру арқылы дауды реттеу туралы өтініш жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден басқа, талап қою бойынша іс жүргізудің кез келген ісі бойынша мәлімделуі мүмкін.       

Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттардағы сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісін орындау кезінде жасалуы мүмкін. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді және оны сот бекітеді. Татуласу, келісім жазбаша нысанда жасалады, оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды және онда оны орындаудың мерзімі мен тәртібі көрсетіле отырып, тараптар келіскен шарттар қамтылуға тиіс. Кейінге қалдыру шартымен бітімгершілік келісім жасасуға жол берілмейді. Бітімгершілік келісімде кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу, талап ету құқығын басқаға беру, борышты толық немесе ішінара кешіру не тану, сот шығыстарын бөлу, бітімгершілік келісімді мәжбүрлеп орындау шарттары туралы шарттар және заңға қайшы келмейтін өзге де шарттар қамтылуы мүмкін. Егер бітімгершілік келісімде сот шығыстарын бөлу туралы шарт болмаса, олар өзара өтелген болып есептеледі.                  

Тараптар сондай-ақ сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен не партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.                                                

Медиация дегеніміз, үшінші мүдделі емес тараптың даулы немесе жанжалды жағдайда келісім іздеуде екі немесе одан да көп басқа Тарапқа көмектесуін білдіреді.                       

Медиация-тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі. Медиация-мүдделі емес, бейтарап маман жанжалға қатысушы тараптарға оның өзара қолайлы реттелуіне қол жеткізуге көмектесетін процесс. Медиатор келісімге жол ашады, қатысушылар арасындағы байланысты жеңілдетеді және бағыттайды, оларға тиісті ақпарат алуға және дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.     

Медиацияны жүргізетін Судья медиация өткізілетін күнді тағайындайды және Тараптарға оның өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды. Сотта Медиация «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және АІЖК-де белгіленген ерекшеліктерге сәйкес жүргізіледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша сот АІЖК-нің 179-бөлігінің үшінші бөлігінде белгіленген мерзім шегінде медиация рәсімін кейінге қалдыруға және егер олардың қатысуы дауды (дау-шарды) реттеуге ықпал ететін болса, медиацияға басқа лих шақыруға құқылы.     

Егер дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтеу сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісі орындалатын жердегі бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады.      Іс жүргізуінде іс жатқан Судья дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.               

Медиация барысында дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім жасасу оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді, медиация тараптары оны келісімде көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындауға тиіс. Мұндай келісім орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, келісімді бұзған медиация тарапы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауаптылықта болады.      

Партисипативтік рәсім екі тараптың адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу жолымен судьяның қатысуынсыз жүргізіледі.                 

Іс жүргізуінде іс жатқан Судья дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.                        

Егер тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізбесе және оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарса.                                                                                          

Егер Тараптар татуластыру рәсімдері тәртібімен келісімге қол жеткізбесе немесе сот келісім шартын бекітпесе, істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі. Дауды татуластыру рәсімдерін қолдана отырып шешкен кезде сот талап қоюшыға талап қою арызын берген кезде өзі төлеген мемлекеттік баж салығын қайтарады.

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының судьясы К.М.Айтжанов

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...