Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Ең жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

Соңғы мәлімет бойынша, Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 7200 адамға жеткен.

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...

Жолдардағы қауіпсіздік – жауапты ұйымдардың міндеті

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті...

Цифровая грамотность — необходимое условие эффективной работы частного судебного...

Цифрлық сауаттылық – жеке сот орындаушысының тиімді қызметінің қажетті шарты

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азаматтың жеке сот...