Қазақстан Түркияға шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жібереді

Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардағы халыққа көмек көрсету үшін шұғыл түрде Түркияға ұшады. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасына ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларын Түркияға көмек көрсетуге жібереді. Қазір біз Алматыға, сол жерден Түркияға ұшамыз.

ТЖ министрлігінің негізгі құрамын Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құрайды, олардың көпшілігі халықаралық сыныпқа ие. Сондай-ақ 41 адамнан тұратын денсаулық сақтау мамандары мен оқытылған қызметтік иттер барады.

Біз өзімізбен бірге арнайы жабдықтар, авариялық-құтқару машиналары мен құралдарын, медициналық жабдықтар, шатырлар алып барамыз. Жақын арада біз Түркия Республикасына келеміз», — деді бірінші вице-министр.

Жолдардағы қауіпсіздік – жауапты ұйымдардың міндеті

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті...

Цифровая грамотность — необходимое условие эффективной работы частного судебного...

Цифрлық сауаттылық – жеке сот орындаушысының тиімді қызметінің қажетті шарты

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азаматтың жеке сот...

Где люди и техника бессильны

КИНОЛОГИ ВЫПОЛНЯЮТ ВАЖНУЮ ЗАДАЧУ – ОНИ ТРЕНИРУЮТ СЛУЖЕБНЫХ СОБАК...

«Подари книгу!»

В ЦЕЛЯХ ПОДДЕРЖКИ ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНОЙ ИНИЦИАТИВЫ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА «ЧИТАЮЩАЯ НАЦИЯ»...